Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Дизайн (бейін бойынша)» мамандығының білім алушысы Абай Ажарды және дизайн пәндері  оқытушысы Ұ.С. Мамбетованы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің “Бозоқ” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы өткізген жас суретшілердің «Абай әлемі» атты (Абай шығармаларына иллюстрациялар) республикалық қашықтықтан байқауында  I орын алуымен  құттықтаймыз! Ажар Абайдың туындысы бойынша «Күз» атты жұмысын ұсынды. Алдағы уақытта да шығармашылық жеңістер тілейміз!

Бөлісу