Сәуір айының 26-28 күндері Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжінің ұйымдастыруыменТемірбек Жүргеновтің 125 жылдығы және Қазақ мультипликациясының негізін қалаушы Әмен Әбжанұлы Хайдаровтың 100 жылдығына арналып VI Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің «ART – Самғау – 2023» фестиваль-байқауы өтті. Аталмыш байқауға колледжіміздің қыл-қалам шеберлері қатысып бақтарын сынап өздерін жоғары деңгейде көрсете білді. Ұйымдастырушылар колледж басшысы Құралай Ғазизқызына өз алғыстарын білдіріп алғыс хатпен марапаттады.
Халықаралық байқау қатысың өңіріміздің намысын қорғап, өздеріне өшпестей тәжрибе жинаған колледжі студенттері мен оқытушыларға талмас талап тілейміз, сәттілік!

Бөлісу