2024 жылдың 12 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттерімен Ауған соғысының ардагерлері арасында кездесу ұйымдастырды.
Интернационалист-жауынгерлерге деген патриоттық және құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында өткізілген шараға 60-тан аса студенттер, БАҚ өкілдері және колледж қызметкерлері қатысты. Кездесуде ардагерлер ерен ерліктерімен, бастан кешкен оқиғалармен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Ісшара өте тартымды да мағыналы өтті. Жастар өздеріне пайдалы көп мағлұмат алды.

Бөлісу