Балаларды қорғау, болашақты қорғау, балаларды тәрбиелеу, ел ертеңін кемелдендіру. Бүгін бірінші маусым балаларды қорғау күніне орай Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледж ішінен құрылған “Алтын сақа” қуыршақ театры орталық алаңға барып балаларға рухани базарлық тарту етті. ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Шәріп Ұзақовтың сахналауымен “Алдардың айласы” қойылымы кішкентай көрермендердің көңілінен шықты. Балаларымызға бақытты балалық шақ тілейміз.

Бөлісу