2018 жылдың 17 қаңтарында «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі» МҚКК-да «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» мамандығының 4-курс студенттерінің Батырхан Шүкеновтің шығармашылығына арналған «Жүрегімнен шыққан сөз!» деген тақырыпта дипломдық жұмысы қойылды. Режиссура пәнінің оқытушы Кочетова Галина Леонидовнаның жетекшілігімен өткен бұл көрсетілім студенттердің шығармашылық ізденістерінің нәтижесі.

Қойылымның мақсаты – әнші әрі сазгер ретіндегі Батырхан Шүкеновтің шығармашылық жолымен таныстыру. Тақырыптық кештің сценарийі мен режиссері – студенттердің өздері. Осы қойылымның көрсетілуіне  студенттердің жазған хаты негіз болды. Кеш барысында Б.Шүкеновтің әндерін білім алушылардың өздері орындап, әр әнге қойылым көрсетті.

Белгілі сазгердің  репертуарынан «Дождь», «Не рассказывай», «Не любимая», «Осторожно, милая девушка», «Солдат любви», «Твои шаги», «Мне поможет весна», «Отан-ана», «Джулия» әндері шырқалып,  көпшіліктің ыстық ықыласына ие болды.

Кеш көпшіліктің есінде ұзақ уақыт қаларлықтай өте әсерлі әрі мазмұнды өтті. Себебі Батыр өз әндерімен тыңдармандарына үміт пен махаббат, жылулық сыйлап кетті. Батыр әндері келер ұрпақпен мәңгі  жасай бермек.

Бөлісу