2022 жылғы 4 қарашада Щучинск қаласында Ақмола облысы білім басқармасының  «Оқу – әдістемелік кабинетін» құрылғанына он жыл толуына арналған «Үздік педагогикалық практика – табысты тәжірибені тарату»  тақырыбы бойынша Республикалық әдістемелік конференция өтті. Конференцияға «Талап» КЕАҚ, Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарының, Астана қаласы колледждерінің және Ақмола облысының барлық колледждерінің оқытушылары қатысты.

Пленарлық отырыстан кейін үш фокус-топта  «Озық педагогикалық тәжірибе – практика, шығармашылық, өзіндік ерекшелік, жаңашылдық», «LessonStady – педагогтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ресурсы», «Ғылыми, баспа қызметі  педагогтың өзін-өзі көрсетуге, жан-жақты қабілеттерін жүзеге асыруға мотивация ретінде» тақырыптары бойынша жұмыс жүргізілді. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен әдіскер, педагогика ғылымдарының кандидаты  Г.Б.Кушпаева «Қазіргі педагогтың әдістемелік мәдениеті» тақырыбында баяндама жасады және педагог-сарапшы, сертификатталған арт-терапевт Қ.М.Құсайынова педагогтердің шығармашылық серпіні мен позитивті көзқарасын одан әрі арттыру мақсатында Арт-пауза өткізді.

Сондай-ақ, жаттықтырушы, Дүниежүзілік сабақты зерттеу ұйымының мүшесі, Тараз өңірлік университетінің PhD докторы Станислав Олегович Котов және жаттықтырушы, кәсіби бағдар беруші, жасөспірімдер көшбасшылығы мектебінің басшысы Динара Серікқызы Ильясова «Lesson – study табысты практикаларын талдау» тақырыбында TED-конференция өткізді.

 

Бөлісу