Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде  тек креативті оқытушылар жұмыс істейді және дарынды  білім алушылар оқиды. 14 қарашада жаңа корпустың мәжіліс  залында өткен  «Екі жұлдыз»  байқауының бірінші кезеңі бұған дәлел болып табылады.  Оқытушылар мен білім алушылардан құралған 8 жұп өздерінің  вокалдық қабілеттерін көрсетті.  Көңілді әуендер, лирикалық композициялар, аспапты музыка орындалды,  әр нөмір хореографиялық суреттемелермен сүйемелденді. Қорытынды бойынша барлық қатысушылар келесі кезеңге өтті! Әр қатысушыға сәттілік тілейміз!

Бөлісу