2021 жылдың 10 қарашасында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде          «Флористика» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2021» VI республикалық кәсіби шеберлік чемпионатының 2 – ші байқау күні өтті.

Байқау барысында қатысушылар 2 тапсырманы орындады.

С модулі бойынша «Күз» тақырыбына арналған қаңқадағы креативті букет» тапсырмасын орындауға 2 сағат бөлінді, оның барысында чемпионатқа қатысушылар жаңа кесілген гүлдер мен жасыл желектерді пайдаланып, қаңқаға букет жасады.  Бұл модульдің қаңқасы қатысушылармен алдын-ала дайындалды. Жұмыстарды бағалау кезінде техникалық дағдылармен қатар көркемдік талғам мен креативтілік ескерілді.

D модулі бойынша «Лобби отельге арналған композиция» тапсырмасын  орындау кезінде қатысушылар 2,5 сағат ішінде ұсынылған кеңістікті интерьермен органикалық үйлестіру мақсатында жаңа кесілген және  кептірілген гүлдердің интерьерлік композициясын жасады. Жұмыстарды бағалау кезінде түстердің бір-бірімен және қоршаған ортамен үйлесімділігі, интерьер палитрасына сәйкестігі, интерьер шешіміндегі креативтік  тәсіл назарға алынды.

Екінші байқау күнінің нәтижелері Чемпионаттың барлық қатысушыларының шығармашылық шабыты мен кәсібилігі туралы айтуға мүмкіндік береді!

Бөлісу