“Көрісу күні” құтты болсын!

Ағайнның амандығын, елдің есендігін, төңіректің татулығын бірінші орынға қойған Қазақ халқы қашанда береке мен бірлікке дәнекер болған. Сөзіміздің бір дәлелі соңғы жылдары аталып өтіп жүрген “Көрісу күні”.

Ықылымнан аталарымыз атының тұяғын шалдырып, көшіп-қонып күн кешсе де күн жылынып, нәр өзек наурыз келген шақта аяққы ел өрдегісін, етектегі ел төрдегісін іздеп амандық-саулық сұрап көрісе барған екен. Дәл осы үрдістің жалғасы ретінде барша қазақ жұртынан есендік сұраймыз?!. Кәрі құтан қыстан шыққан ағайынға саулық тілейміз! Жер аяғын кеңіткен көктемнің шуақты әр күні көңілдеріңізге сәуле, бойларыңызға нәр құйсын! “Көрісу күні” құтты болсын! Есендікте-саулықта, қуаныш пен шаттықта жолыға берейік!

Құрметпен: Құралай Ғазизқызы
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі

Бөлісу