“ПАРАСАТ” факультативі негізінде дөңгелек үстел отырысы өтті

Наурыз айының 25 – күні Ақан сері атындағы  жоғары мәдениет   колледжінің кітапханасында “Оқуға құштар колледж” бағдарламасы аясында “ПАРАСАТ” факультативі негізінде “Кітап оқы.Тұлғаны таны” атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиын барысында 1,2,3,4 – курс студенттері жандарына жақын әлем және қазақ  жазушыларының өмірі мен шығармашылығынан слайд көрсетіп, таңдаулы шығармалардың мазмұнын айтып, өз әсерлерімен бөлісті.  Сонымен қатар дөңгелек үстелге колледжі басшысы Құралай Ғазизқызы арнайы қатысып көркем әдебиет оқудың маңыздылығына тоқталып, жастарды кітап оқуға баулып жүрген  “Парасат” факультативінің ұстазы, ақын, Мемлекеттік  “Дарын” жастар сыйлығының лауреаты Манарбек Қыдырбайға ризашылығын білдірді.

Колледж ұстазы  Манарбек Қыдырбайұлы дөңгелек үстел отырысын жүргізіп, студенттердің ойын ұштап,  жастарға өз ақыл кеңесін айтты.

Бүгінгі таңда  кітап оқу үрдісі заманауи технология мен әлеуметтік желілердің тасасында қалып бара жатқаны жасырын емес.  Осы бір олқылықтың орнын толтыру үшін, студенттер санасына сәуле шашып,  кітапқа деген құштарлықтарын оятатын арнайы факультатив ашқызып, білікті мамандарға қолдау жасап жүрген талантты жастардың қолдаушысы колледжі басшысы Құралай Ғазизқызына алғыс білдіреміз.

Бөлісу