Осындай ұранмен Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің қабырғасында студенттер қатарына қабылдау кеші өтті.

Залда студенттік  атмосфера, мерекелік  көңіл-күй  орнады!

Жоғары курс студенттерінің  жарқын, мазмұнды қойылымдары  бүкіл залға жағымды әсер қалдырды! Бірінші курс студенттері жауап ретінде өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Кештің шарықтау шегі бірінші курс студенттерінің  ант беруі, студенттік билеттерді табыстау және колледж директоры  Құралай Газизқызы Идрисова мен педагогтардың құттықтау  сөздері болды!

Бірінші курс студенттерімізге барлық бастамаларына сәттілік тілейміз! Терең білім алып, жарқын болшаққа қадам басыңыздар!

Бөлісу