Сіздерде үйден шықпай-ақ, Көкшетау қаласы, Ақана сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің виртуалды қабылдау комиссиясының хатшысынан кеңес алу мүмкіндігі пайда болды.

Колледжге қалай түсуге болады? Қандай мамандықты таңдау керек? Шығармашылық емтиханға қалай дайындалу керек? ZOOM платформасында виртуалды конференция арқылы қабылдау комиссиясының қызметкерінен біле аласыз. Конференцияға қатысу үшін https://us02web.zoom.us/j/81487865728 сілтемесіне өтіңіз немесе конференция идентификаторын енгізіңіз: 814 8786 5728.

Виртуалды қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағ.9.00-18.00, сенбі сағ. 9.00-15.00.

Құжаттарды тапсыру үшін өзіңізге ыңғайлы тәсілді таңдай аласыз:

1) EGOV.KZ электрондық үкімет порталы арқылы;

2) CollegeSmartNation https://college.snation.kz (https://college.snation.kz/ru/akm/college/11340/about колледжге сілтеме) платформасы арқылы

3) Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан колледждің қабылдау комиссиясына.

Қабылдау комиссиясының жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағ. 9:00- 18:00, сенбі сағ. 9:00- 15:00.

Колледждің қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде коронавирустық инфекциядан қорғану үшін негізгі сақтық шараларын: қашықтық пен маскалық тәртіпті сақтау қажет.

Жоғары мәдениет колледжі Сізді күтеді!!!

Қабылдау комиссиясының телефондары:

87162329490

87071506919

Бөлісу