Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінің қабырғасынан қуыршақ театры құрылды.
Көкшетау мәдениеті мен руханиятының күретамыры іспеттес көптеген мәдениет қызметкерлерін қанаттандырған Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжінде тағы бір қуанышты жаңалық!
Сәуір айының 4-ші жұлдызынан бастап ҚР мәдениет қайраткері, қуыршақ театрының мастері – Шәріп Ұзақов колледж қабырғасындағы 1 курс ТҰҰ (Театр Ұжымы Ұйымдастырушылары) студенттерімен орыстың халық ертегісі “Сиқырлы қоян” қойылымын сахналап бастап еді. Бүгін колледждің көркемдік кеңесіне тапсырған қойылым көңілімізден шықты. Алдағы уақытта барша театр сүйер көрерменге жол тартады деген игі жоспарымыз бар.
Кішкентай көренмендерін қуантуға асыққан бұл жоба бұрын соңды Көкшетауда болмаған бірегей жаңалық болғалы отыр. Белгіленген күні, айтулы уақытта баршаңызды”Сиқырлы қоян” ертегісінің премьерасына шақырамыз.
Жаңадан ашылып жатқан қуыршақ театрының ғұмыры ұзақ болғай! Жаңа театрдың төрінде жолыққанша күн жақсы, ел аман болғай!
Бөлісу