2021 жылдың 29 қазаны күні Көкшетау қаласындағы құрылыс-технологиялық колледжінде «Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтарының слеті өтті. Слеттің мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыру болып табылады. Аталған іс-шараға Көкшетау қаласынан 11 студенттік клуб қатысты. Слет қорытындысы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері жүлделі 2 орынға ие болып, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу