Жоғарғы мәдениет колледжінде үстел теннисінен колледж чемпионы атағына турнир өтті, оның негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, спорттың қарапайым түрлерін кеңінен қолдану. Турнирдің алғашқы минуттарынан бастап, жүлделі орындар үшін табанды және қарқынды күрес басталды. Алғашқы ойнаған партиялардан кейін фавориттер анықталды, бірақ қалған спортшылар оларға босаңсуға мүмкіндік бермеді және лайықты қарсылық көрсетті. Ұлдар арасында бірінші орынды Райхан Айдаулет (4 РХАОЖ), 2 орынды Хамза Айдын (4 ТҰЖ), 3 орынды Ануарбеков Жандос иеленсе, қыздар арасында 1 орын-Темиртасова Алина (3 ИД), 2 орын – Тулек Дильназ (1 ТҰЖ), 3 орын – Мырзабаева Ақмарал (1 ККҰ) иеленді. Балаларды жеңісімен құттықтаймыз!

Бөлісу