08.12.2022 ж. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде гуманитарлық және кітапханалық  пәндер онкүндігі аясында сыныптан тыс іс-шара  «Тарихи мозаика» тарихи-танымдық ойыны өтті. Іс-шараны тарих пәнінің оқытушысы Г. Т. Тілеуғабылова және «Киім дизайны» мамандығы білім алушылары ұйымдастырды.

Ойынның сұрақтары көрікті орындарға, оқиғаларға және көрнекті тұлғаларға — билеушілерге, ғалымдарға, әскери басшыларға, мәдениет қайраткерлеріне арналып,  портреттермен және фотолармен суреттелді.

Іс-шара соңында қазылар алқасы қорытындылап, қатысушыларды марапаттады.

Бөлісу