2020 жылдың 25 қараша күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Тіл мәртебесі – ел мерейі, рух тұғыры» атты онлайн форматта  дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға  Ақмола облысындағы «Ел бірлігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Бақыт Смағұлов, Облыстық ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің жетекшісі Айгүл Талпақова, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының оқу-әдістемелік орталығының басшысы  Төлекеев Қаратай Бәйкенұлы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, философия ғылымдарының докторы Ерболат Баятұлы және колледж директоры, ҚР мәдениет қайраткері, Алтынсарин төсбелгісінің иегері Ыдрысова Құралай Ғазизқызы, колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Қатысушылар тіл мәселесі бойынша өзекті тақырыптарды талдап, ой-пікірлерін ортаға салды. Колледж студенттері қызыға тыңдап, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала алды.

Бөлісу