Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің білім алушылары Қазақстан Республикасы халқының Тілдері күніне арналған іс-шарада танымды саяхаттың белсенді қатысушылары болып, тіл мен шығармашылық әлеміне қызығушылықтарын танытты.

Студенттік командалар “Фольклорлық алқа” байқауына ерекше ынтамен және қызығушылықпен қатысты.  Бірінші курс студенттері орыс халқының ауыз әдебиеті қазынасын білдіретін мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен ертегілер білімдерімен сайысқа түсті. Эрудицияны, тапқырлықты, білім мен шығармашылық қабілеттерін көрсете отырып, олар байқау сұрақтарына жауап берді, ән шырқады, музыкалық аспаптарда ойнады және болашақ мамандығына байланысты тапсырмаларды орындады. Байқау қорытындысы бойынша 1 жүлделі орынды 1 РТК тобының «Адреналин»  командасы жеңіп алды. Қазақстан халқының тілдер күніне орай ұлы Абайдың  175 жылдық мерейтойына арналған «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» деген тақырыпта 2 курс  білім алушылардың арасында сыныптан тыс іс-шара өткізілді.Өткен сайыс 5 бөлімнен тұрды. 1 орынға «Телғара» 2 ТҰЖ, «Ибраһим» 2 АДТ тобы 2 орынға ие болды.

Ағылшын тілін білу бойынша “WespeakEnglish” конкурсы өтті, онда командалар слайдтарды пайдалана отырып, сахналық көріністер,  бейнематериалдар көрсетті, сондай-ақ “Aboutmyself” тақырыбы бойынша лексикалық материалдарды білуден жарысты және өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

Шығармашылық пен табыс дарынды балаларды жаңа жеңістерге шабыттандырсын!

Бөлісу