Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде 14 маусым күні  «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі», «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, халық аспаптары оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі», «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көпшілік театрландырылған қойылымдарының режиссері», «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» біліктіліктерінің  4 курстары үшін Түлектер кеші-2019 өтті.

Колледж қабырғасынан бүгінгі күні 55 түлек шықты, оның 8-і оқуды «үздік» дипломмен  бітірді.  Түлектерді  оқуды аяқтауымен құттықтаймыз! Жұмысқа орналасуда сәттілік және әрі қарай өмірде табыстар тілейміз! Жолдарыңыз болсын!

Бөлісу