2022 жылдың 29 сәуірінде  Көкшетау қаласында салтанатты түрде «WorldSkills Aqmola-2022» чемпионат жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен, кубоктармен және Ақмола облысы білім басқармасының грамоталарымен марапатталды. Чемпионат қорытындысы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі  студенттері екі алтын медальді қанжығасына байлады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ педагог-тәлімгерлерді, сарапшыларды құттықтаймыз және оларға кәсіби шеберлік пен абыройдың шыңын әрқашан биік ұстауды тілейміз!
Бөлісу