4 қараша күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде 16-20 жас аралығындағы студенттер арасында «Жігіт сұлтаны» байқауы өткізілді. Қатысушыларға қойылған талаптар: презентация, мемлекеттік тілді еркін меңгеру, сөз шеберлігі, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты дәріптеу. Қатысушылар 6 кезеңнен өту керек болды. Байқауға 7 студент қатысты: Есбол Ерлік (1 БП), Ноярбеков Саяділ (2 ТҰЖ), Айкишев Сабыржан (2 ХАОЖ), Мүшелхан Ғажайып (2 ДТА), Садуақас Тұрар (3 ТҰЖ), Дәулет Аян (3 ТҰЖ), Қабдеш Мақсат (4 ТҰЖ). Байқау қорытындысы бойынша Қабдеш Мақсат Бас жүлдеге, әлеуметтік желіде дауыс беру қорытындысы бойынша көрермендер көзайымына Дәулет Аян ие болса, басқа қатысушылар түрлі номинациялармен марапатталды.

Бөлісу