7 сәуір WorldSkills конкурсына қатысушылар үшін «Флористика» және «Интерьер дизайны»  құзыреттілік модульдері бойынша ақтық күн болды.

Байқауға  қатысушыларды WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының бас менеджері, «Talap» КЕАҚ  өкілі  Әтіргүл Алғатайқызы және Ақмола облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің бас маманы Сәуле Сәлімжанқызы құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

«Интерьер дизайны»  құзыреттілігі  бойынша байқауға қатысушылар ағаш бөлшектерден жасалған сәндік панно құрастырды және интерьерлік кеңістікті безендірді.

Байқауға қатысушыларға жаңа шығармашылық идеялар мен олардың жүзеге асуын тілейміз!

Бөлісу