jjjjjjjjjjj

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс

Құрылған күні: 2022.11.28 15:22:23

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
1. Әлеуметтік педагог
2. Кескіндеме оқытушысы
3. Компьютерлік графика оқытушысы

Конкурстың қатысушысы Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңдарын және білім алушылардың білімі мен тәрбиесі туралы басқа нормативтік-құқықтық актілерді; психология және педагогика негіздерін; пәннің мазмұны мен оның тәжірибелік қолданылуын; негізгі технологиялық үрдістер мен мамандық саласы бойынша жұмыс тәсілдерін; экономика және өндіріс пен басқарушылықты ұйымдастыру негіздерін; Еңбек туралы Заңнама негіздерін; білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің нысандарын, әдістері мен прогрессивтік технологияларын; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін білуі керек.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген әлеуметтік педагогқа қойылатын біліктілік талаптары: жоғары педагогикалық білімі немесе “әлеуметтік педагог” жоғары педагогикалық білімі немесе қайта даярлау туралы құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 4 жыл; педагог-зерттеуші және педагог -шебер үшін кемінде 5 жыл.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, (020000, телефон 8 (7162) 32-91-86, факс 8 (7162) 32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;
Жеке басын куәландыратын құжат;
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
Денсаулық жағдайы туралы анықтама;
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
ҰБТ сертификаты;
Бос лауазымға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Сабақты зерттеу мәселелері бойынша әдістемелік семинар

Құрылған күні: 2022.11.25 18:00:54

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Lesson Stady – іс-әрекетке арналған нұсқаулық» тақырыбында оқытушыларға арналған әдістемелік семинар өткізілді. Мәселе білім алу мен білім беруді үнемі жетілдіру мақсатында бірлескен рефлексиялық практика ретінде, оқытушылар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ресурсы ретінде қарастырылды. Сабақты зерттеудің ең құнды аспектілерінің бірі – бақылау  кезінде мұғалімдер оқытудың орнына студенттердің оқуы туралы түсініктеме беруі.

Осы тақырып бойынша Lesson Study жаттықтырушысы, Дүниежүзілік сабақты зерттеу ұйымының мүшесі, Тараз өңірлік университетінің PhD докторанты Котов Станислав Олеговичпен жан-жақты әңгіме өтті. Онлайн кездесудің соңында сабақты зерттеудің ұжымдық, рефлексивті сипатын одан әрі дамыту және оқытушылардың біліктіліктерін арттыру мүмкіндігін кеңейту мақсатында әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

 

Жүлделі орын алу қуанышы құтты болсын!

Құрылған күні: 2022.11.26 18:54:08

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 3 курс «Драма театры әртісі» біліктілігінің білім алушылары 2022 жылғы 24-26 қарашада Алматы қаласы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінде ҚР халық әртісі Бәйтен Омаровтың 95 жылдығына орай өткен IV Республикалық колледжаралық театр фестиваліне Оспанов Мұратбек Үкібайұлының жетекшілігімен Ш.Т. Айтматовтың «Қызыл орамалды Шынарым» және А.В. Вампиловтың «Тұңғыш» атты шығармалары негізінде қойылған үзінділермен қатысып, ІІІ орынға ие болды.
Алматы қаласының Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Астананың Қазақ ұлттық өнер университеті сияқты еліміздің өнер саласындағы жоғары білім беру ордаларына ілесіп 3 орынға ие болуы үлкен жетістік екені сөзсіз.
Керемет жетістік! Құтты болсын! Алып асулардан асып, биік шыңдарды бағындыра беріңіздер!

 

Жобалық басқаруды енгізу мәселесі бойынша дөңгелек үстел

Құрылған күні: 2022.11.25 15:45:14

2022 жылғы 25 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Жобаларды басқарудың тиімділігі» тақырыбында жобалық басқаруды енгізу мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты: «Жас маман» жобасының мазмұнын ескере отырып, білім алушыларлы колледждегі жобалық қызметке тартудың оңтайлы моделін анықтау арқылы, колледждің стратегиялық дамуына оң әсерін тигізетін мүмкіндіктерді қолдану. Кездесуге пәндік комиссиялардың төрайымдары, оқытушылар, 3 курс студенттері қатысты.

Жобалық қызметтің өзекті мәселелері бойынша жаттықтырушы, жасөспірімдер көшбасшылығы мектебінің басшысы, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Ильясова Динара Серікқызы және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау Университетінің «Бизнес және қызметтер» кафедрасының лекторы, экономика магистрі Көшекбаев Нұрболат Мырзағалиұлы сөз сөйледі.

Бұл іс-шара барысында теория мен практиканың тікелей байланысы қарастырылып, кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша тренинг өткізілді.

Кездесу соңында пікір алмасу өткізілді, қызықтырған сұрақтарға жауаптар тыңдалды.

Қатысушылар пікірін ескере отырып, одан әрі тақырып бойынша жұмысты жалғастыру үшін ұсыныстар әзірленді.

 

«Жыныстық қатынастың алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу»

Құрылған күні: 2022.11.08 16:37:23

2022 жылдың 8 қарашасында «Шанс» орталығынан «Жыныстық қатынастың алдын алу», «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыптарында оқыту семинары өткізілді. Семинарға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің 1-2 курс студенттері қатысты.  Студенттерге нашақорлықтың денсаулыққа қаншалықты зиянды екені туралы танымдық түрде айтылды, өз кезегінде студенттер жоғарыда аталған зиянды заттар туралы өз ойларын ортаға салды.

Мәдениет және өнер саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасында республикалық кәсіптік шеберлік конкурсына қатысу

Құрылған күні: 2022.11.18 15:55:38

2022 жылғы 17-18 қарашада Тараз қаласында «Хореографиялық өнер» мамандығы және «Сәндік-қолданбалы өнер және халықтың  қолөнері» мамандығы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Байқаудың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен хореографиялық пәндер оқытушысы  Анна Владимировна Ефименко және дизайн пәндері оқытушысы  Ержан Амангелдіұлы Ибраев қатысты. Байқау  қорытындысы бойынша Е. А. Ибраев 1 дәрежелі диплом иегері, А.В. Ефименко – 2 дәрежелі диплом иегері атанды.

Сондай-ақ,  қараша айында Маңғыстау қаласында «Киім дизайны» мамандығы бойынша  өткен байқаудың республикалық кезеңіне  жас оқытушы  Зайра Серікқызы Мухаева қатысты. Байқаулық мәселелерді практикалық шешудің жақсы деңгейін көрсеткен  Зайра Серікқызы «Педагог-шебер» («Үздік-шебер») номинациясына ие болды.

Әріптестерімізді құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыстар тілейміз!

 

Халықаралық байқауда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің “Жарқын” халық би ансамблі ГРАН-ПРИ иегері атанды

Құрылған күні: 2022.11.07 18:01:38

Сүйінші жаңалық! Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, би ұжымының жетекшісі» біліктілігінің студенттерінен құралған «Жарқын» халықтық би ансамблі – Павлодар қаласында өткен IV халықаралық «Жұлдызыңды жақ» атты ҚАЗАҚСТАН – РЕСЕЙ – БЕЛОРУССИЯ – БОЛГАРИЯ елдері қатысқан фестивальде «Халық биі» номинациясында Бас жүлде, «Стильдендірілген халық биі» номинациясында 1-орын, сонымен қатар «Жоғары кәсіби ұжым» номинациясымен марапатталды. Төрт мемлекеттен қатысқан 108 хореографиялық ұжымның ішінен суырылып шығып, осындай жоғары нәтижеге жету колледж үшін үлкен жетістік. Фестивальге жастарды бастап барған «Жарқын» халықтық би ансамблінің жетекшісі Гульмира Мерғалиқызы Ордабаеваға және колледжіміздің жас оқытушысы «Жарқын» халықтық би ансамблінің педагог – репетиторы Разалия Қайратқызы Фазылова колледж ұжымы атынан алғыс білдіреміз. «Би өнері – әлемнің рухани елшісі» деген сөз бар, фестивальдің мақсаты қатысушы елдер арасында көркем шығармашылықпен алмасу арқылы ұлтаралық байланыстарды дамыту. Аталмыш фестивальдің миссиясы орындалды деп сенеміз себебі мәдениет саласының өкілдері өзара бір сахнаны бөлісіп бір мақсатта өнер көрсетті. Алдағы уақытта да биші қыздарымызға биік белестер тілейміз.

 

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Жұмыс беруші күні»

Құрылған күні: 2022.11.15 18:52:28

2022 жылғы 15 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Жұмыс беруші күні» өтті.

Аталған іс-шараға Ақмола облысының мәдениет басқармасы» ММ, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының, жұмыс берушілердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жоғары мәдениет колледжінің педагогикалық қызметкерлері және  студенттерінің серіктестермен, жұмыс берушілермен («Ақай» сән үйі (Ғ.С.Алдабергенова), «Светлана» ательесі (С.Н.Ехлакова), «Көкше Арнайы киім» ЖШС (Е.Г.Быданова), Ақмола облыстық орыс драма театры (Б.С.Бахтыгереев), Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры (Ж.Ш. Қалдаров), Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясы (Н.Е.Шайкенова), «Достар» мәдениет сарайы (Е.А.Ауғанбаева), «Болашақ сарайы» (М.М.Қонқаев), «Дизайн Сити» , жарнама агенттігі, М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап кітапханасы, Көкшетау қаласының қалалық ақпараттық кітапхана жүйесі) кездесуі өтті.

«Жұмыс беруші күнінің» басты мақсаты кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен одан әрі және тиімді ынтымақтастық туралы мәселелерді талқылау болып табылады. Осыған сәйкес оқу-өндірістік оқыту шеңберінде «Ақай» сән үйінің басшысы Г.С. Алдабергеновамен және «Көкше Арнайы киім» ЖШС басшысы Е. Г. Быдановамен ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.

Кездесу барысында диалог алаңында Мәдениет және өнер саласындағы колледждерде дуальды оқытудың ерекшеліктері мен перспективалары туралы айтылды, кәсіпорындарда педагогтердің тағылымдамадан өту мәселелері, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі мен кәсіпорындардың ынтымақтастық стратегиясы мен нысаны мәселелері талқыланды. 4 курс студенттері үшін болашақ мамандар ретінде Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Б.С. Бахтыгереев пенҮкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясының басшысы Н.Е.Шайкенованың тілектері ерекше әсер қалдырды.

Колледж бойынша таныстыру экскурсиясы барысында «Жас маман» жобасы аясында оқу кабинеттері, шығармашылық зертханалар, шеберханалар және «Жаңа өріс» құзыреттілік орталығы көрсетілді.

Іс-шара қонақтары «Дизайн (бейін бойынша)» мамандығы студенттерінің «Creative Skills» шығармашылық және дипломдық жұмыстарының көрмесін, сондай-ақ ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Д.Н. Мағзұмовтың жеке көрмесін тамашалады.

Жас маманның бірыңғай портретін қалыптастыру, сондай-ақ жұмыс берушілердің кәсіби талаптарына сәйкес келетін түлек моделін құру мәселесінде жұмыс берушілермен сындарлы ынтымақтастықтың нысандарын іздеу үшін педагог-сарапшы, Еуразиялық дизайнерлер қауымдастығының мүшесі Қ.М.Кусаинова «Жұмыс берушілер мен студенттердің заманауи маманның кәсіби қырларына көзқарасы» тақырыбы бойынша интерактив, Ақмола облысының іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі, жаттықтырушы, кәсіби бағдар беруші Д. С. Ильясова «Табысты өзін-өзі таныстыру формуласы заманауи кәсіби қызмет пен өмірлік табыстың қажетті элементі ретінде» тақырыбында тренинг өткізді.

«Жұмыс беруші күні» соңында мәжіліс залында жұмыс берушілерді марапаттау рәсімі және Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің шығармашылық ұжымдарының концерті өтті.

 

Әдістемелік конференция

Құрылған күні: 2022.11.07 11:54:14

2022 жылғы 4 қарашада Щучинск қаласында Ақмола облысы білім басқармасының  «Оқу – әдістемелік кабинетін» құрылғанына он жыл толуына арналған «Үздік педагогикалық практика – табысты тәжірибені тарату»  тақырыбы бойынша Республикалық әдістемелік конференция өтті. Конференцияға «Талап» КЕАҚ, Ақмола облысының білім басқармасының өкілдері, Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарының, Астана қаласы колледждерінің және Ақмола облысының барлық колледждерінің оқытушылары қатысты.

Пленарлық отырыстан кейін үш фокус-топта  «Озық педагогикалық тәжірибе – практика, шығармашылық, өзіндік ерекшелік, жаңашылдық», «LessonStady – педагогтар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту ресурсы», «Ғылыми, баспа қызметі  педагогтың өзін-өзі көрсетуге, жан-жақты қабілеттерін жүзеге асыруға мотивация ретінде» тақырыптары бойынша жұмыс жүргізілді. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен әдіскер, педагогика ғылымдарының кандидаты  Г.Б.Кушпаева «Қазіргі педагогтың әдістемелік мәдениеті» тақырыбында баяндама жасады және педагог-сарапшы, сертификатталған арт-терапевт Қ.М.Құсайынова педагогтердің шығармашылық серпіні мен позитивті көзқарасын одан әрі арттыру мақсатында Арт-пауза өткізді.

Сондай-ақ, жаттықтырушы, Дүниежүзілік сабақты зерттеу ұйымының мүшесі, Тараз өңірлік университетінің PhD докторы Станислав Олегович Котов және жаттықтырушы, кәсіби бағдар беруші, жасөспірімдер көшбасшылығы мектебінің басшысы Динара Серікқызы Ильясова «Lesson – study табысты практикаларын талдау» тақырыбында TED-конференция өткізді.

 

Бөлісу