jjjjjjjjjjj

Наурыз нақыштары

Құрылған күні: 2022.03.19 15:09:26

2022 жылдың 18 наурызы күнi Ақмола облысының Әдебиет және өнер музейiнде әз-Наурыз мерекесi қарсаңында, Көкшетау қаласыдағы ЖОО мен арнаулы орта бiлiм беретiн оқу орындары студенттерi арасында “Наурыз нақыштары” атты жас суретшiлер байқауының қорытындысы болып өттi.

Байқаудың мақсаты ұлыстың ұлы күнi әз-Наурыз мерекесiн лайықты деңгейде атап өту; ұлттық нақышта бедерленген көркемсурет туындылары арқылы көпшiлiктiң ұлттық рухын ояту, қазақ халқының мәдениетi турасында мол мағлұматтар меңгерту; суретшi жастардың арасында байқау ұйымдастыра отырып, жас буынның шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру; туындыларын көпшiлiк назарына ұсынып, қылқалам шеберлерiне қанат бiтiру, өнердiң өрелi жолына нық сенiммен қадам басуға шақыру болып табылды.

Байқауға Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дiң «Бейнелеу өнерi, сызу және дизайн» кафедрасы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетi, Ақан серi атындағы жоғары  мәденет колледжiнің суретшi студенттерi жұмыстарын ұсынды.

Жас суретшiлердiң жұмысына Ақмола облыстық суретшiлер одағының төрағасы Юрий Попов пен суретшi Ақмарал Сәрсенбаева, музей директоры Нұрбек Нұралы  төрелiк жасады.

Қазылар алқасының шешiмi бойынша жүлделi орындарды колледжіміздің студенттері иеленді. ІІІ орын Ғалымжан Айшолпан (2-КД) мен Әлия Сейтқалиеваға (3-КД) бұйырды.  ІІ орынды Жексенбай Қасиет (3-ИД) иеленсе, I орынды Абай Ажар (4-КД) еншіледі.

Iс-шара барасында әуелетiп ән орындалып, қазылар алқасы сайысқа қатысушы жас суретшiлерге шығармашылық табыс тіледі. Байқауға жұмыстарын ұсынған студенттеріміз алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етiлдi.

АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ АЛТЫН ҚОРЫ

Құрылған күні: 2022.03.07 15:19:56

Колледж тарихы – бұл үлкен ұйымшыл ұжымның шығармашылық өмірбаяны.  Педагогикалық ұжым оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру, мамандарды даярлау сапасы, инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу, «Жас маман» жобасына қатысу бойынша белсенді жұмыс істейді.

Ұрпақтан-ұрпаққа эстафета ретінде беріліп келе жатқан құндылықтар, идеялар бар. Бұл идеяларды жүзеге асырудың формалары мен әдістері өзгеруі мүмкін, бірақ ұлы педагог Алтынсариннің кәсіби шеберлігі, жас ұрпақтың ұлттық-мәдени құндылықтарын нығайту идеялары колледж ұжымының айнымас ақиқаты болып қала береді.

8 наурыз Халықаралық мейрамының көктемгі күндерінде колледждің алтын қоры болып табылатын педагогтарға үлкен әріппен жазылған ерекше құрмет, алғыс сөздерін айтқым келеді. Олар барлық идеяларға шабыт беруші және бастамашысы – колледж директоры Құралай Ғазизқызы Идрисова, музыкалық пәндер оқытушысы Вера Васильевна Никитенко, хореографиялық пәндер оқытушысы, балетмейстер Гүлмира Мерғалиқызы Ордабаева, актерлік шеберлік оқытушысы Маржан Арыстанбекқызы Букешова, дизайн пәндері оқытушысы Маржангүл Ақыжанқызы Тукеева мен  Кулжазира Хавдразах, музыка оқытушысы Лариса Петровна Иванова, режиссура оқытушысы Галина Леонидовна Кочетова, дизайн пәндері  оқытушысы Қымбат Мұқанқызы Кусаинова, сахна тілі оқытушысы Айтжан Настайқызы Настаева, қобыз сыныбы оқытушысы Нұргүл Байтілеуқызы Нұрмышева, музыкалық пәндер оқытушылары Патима Абибуллақызы  Омарова және Назира Мажитқызы Фахрутдинова, ағылшын тілі оқытушысы Светлана Васильевна Волевач, дауыс қою бойынша оқытушы Наталья Антоновна Цой, қазақ тілі оқытушысы Айша Сәлімқызы Жанұзакова, орыс тілі оқытушысы Күлай Сералықызы Ақбатаева, кітапханалық пәндер  оқытушысы Хамида Камалиденқызы Қазиева және басқалары. Сондай-ақ, пәндік-циклдік комиссиялардың жетекшілері – Галина Алексеевна Рыбакова, Ирина Викторовна Зайцева, Ұлболсын Сағындыққызы Мамбетова,  директордың орынбасарлары Гүлнар Әнуарбекқызы Қадралиева, Райхан Балтабекқызы Баткульдина, Ақмарал Ермекқызы Ақтаева, Жанна Жұмабайқызы Молдабаева, оқу бөлімінің меңгерушісі Алмагүл Қанатқызы Қажымұратова жоғары кәсібилікпен ерекшеленеді. Колледждің жас педагогтары өсіп келеді – Екатерина Андреевна Грядунова, Мадина Исасеитқызы Бексеит, Айгерім Жасқайратқызы Сагиденова, Елена Михайловна Журба, Анна Владимировна Ефименко, Зайра Серікқызы Мухаева.

Кәсіби тәжірибенің, шығармашылық әлеуеттің, рухани жастықтың үйлесімі оларға алға сенімді қарауға, жоспар құруға, жаңа мақсаттар қоюға және оларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы мереке күндері колледждің барлық педагогтарына денсаулық, шығармашылық шабыт, жан тыныштығы мен көктемгі көңіл-күй тілейміз!

«Өнер – менің болашағым!»

Құрылған күні: 2022.02.25 15:27:51

2022 жылғы  24 ақпанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің концерт залында  « Өнер – менің болашағым!» ұранымен кәсіби бағдар конференциясы өтті.

Конференцияға Көкшетау қаласы мектептерінің 9 сынып оқушылары мен оқытушылары қатысты: «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №2 мектеп-лицейі» КММ, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №11 мектеп – гимназиясы» КММ, «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №13 «Экос» мектеп – гимназиясы» КММ.

Конференция барысында  мектеп оқушылары колледж қызметі және оқуға түсудің артықшылықтары туралы жан-жақты  білді. Мектеп оқушылары үшін колледждің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

«Мектеп басшыларына кәсіби бағдар жұмысын қолдағандары және ынтымақтастық үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Табыс пен өркендеу тілейміз!

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-ң көпшіліктің талқылауы үшін 2021 ж. мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

Құрылған күні: 2022.02.28 11:00:12

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары  мәдениет колледжі»  МКҚК-ң  көпшіліктің талқылауы үшін 2021 ж. мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі.

Мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес Ақмола облысы білім басқармасының  жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы  жоғары мәдениет колледжі» МКҚК 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді.

2021 ж. қорытынды бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 468, соның ішінде:

– қағаз нысанында –  209

– Мемлекеттік корпорация арқылы –  13

–  e-gov арқылы – 10

– ақпараттық жүйелер арқылы – 236

– бас тартылды – 0.

 

  1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру -170
  2. Техникалық және кәсiптік бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 16
  3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау-160
  4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру-3
  5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау-1
  6. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау-10
  7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну-104
  8. Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру-4

Тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында колледж сайтының «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімінде білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары, мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы қабылданған бұйрықтар және берілген қызметтерді көрсету туралы нұсқаулық орналастырылған.

Сонымен қатар, Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қолжетімділік және тұрғындарды ақпараттандыру  мақсаттарында ұйымда көрнекі ақпарат стенді (стандарттар, өтініш үлгілері және т.б.) орналастырылған . Мемлекеттік органның ресми Интернет-ресурсында стандарттар, регламенттер, шағым беру тәртібі, байланыс ақпарат орналастырылған «мемлекеттік қызмет көрсету» бөлімі жұмыс істейді.

Көкшетау қалалық әкімдігіне ай сайын  8 мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну бойынша ішкі мониторинг жұмысы жөнінде есеп ұсынылады. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсыну мерзімдері  бұзылған жоқ.

Колледжде мемлекеттік қызмет көрсету үрдісінің, сапасы мен қолжетімділігінің күнделікті мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағым түскен жоқ.

Электрондық мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі жөнінде толық ақпарат колледж фойесі мен халыққа қызмет көрсету оталығындағы стендтерде,  сонымен қатар колледждің интернет-ресурсының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінде орналастырылған.

Қызмет көрсету мәселелері бойынша мына нөмірге хабарласыңыз: 8716-2-32-91-86, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140.

«Спорт – денсаулық кепілі»

Құрылған күні: 2022.02.18 18:39:27

2022 ж. 7-18 ақпан аралығында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі өтті. Пәндік онкүндіктің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жалпы білім беру цикліндегі пәндерді дәріптеу, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, жасөспірімдердің жалпы мәдениетін тәрбиелеу.

Онкүндіктің ашылуы жоғары мәдениет колледжінің оқытушылары мен студенттерінің спорттық командалары арасындағы «Спорт – денсаулық кепілі» турнирінен басталды. Ойынның нәтижесі сергектік, жақсы көңіл-күй және жағымды эмоциялар болды.

Келесі күндері білім алушылар «Мерген» атудан, волейболдан, «Химия және биология қиылыстары» зияткерлік ойынынан, физика және информатика білгірлері турнирінен колледжішілік жарыстарға қатысты. Студенттер үшін “Волейбол: техникалық-тактикалық дайындықты жетілдіру” тақырыбы бойынша дене шынықтыру, “Белгілерді мұрагерлеудің цитологиялық негіздері” биология бойынша ашық сабақтар, “Сенің денсаулығың – сенің қолыңда” дөңгелек үстелі, “Иммунитетті қалай арттыру керек” ақпараттық сағаты өткізілді.

Білім алушылардың пікірінше, жалпы білім беру пәндерінің онкүндігі танымдық, қызықты және пайдалы өтті. Студенттер өздері үшін жасаған басты қорытынды: денсаулық үшін жауапкершіліктің ең үлкен үлесі өз қолында.

Жоғары мәдениет колледжінің әдістемелік жоспарына сәйкес және тәжірибе алмасу мақсатында іс-шараға Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқытушылары мен студенттері шақырылды.

Онкүндіктің соңғы күнінде пәндік комиссияның педагогтары дизайн пәндерінің оқытушысы К.М. Кусаинова ұйымдастырған қызықты шығармашылық қызметке –арт-терапия бойынша шеберлік сыныбына қатысты. Интерактивті шеберлік сыныбы  барысында оқытушылар өздерінің өзекті көңіл-күйін диагностикалап, ішкі сезімдерін, эмоцияларын және уайымдарын білдірді, сондай-ақ өздерін көрсету және өзін-өзі дамытумен айналыса алды.

Ауған жауынгерлерімен кездесу

Құрылған күні: 2022.02.16 12:34:09

Білім басқармасымен 2021 жылғы 30 қарашадағы № 313 бекітілген колледждерді дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына және жалпы білім беретін пәндер бойынша онкүндікті өткізу жоспарына сәйкес 2022 жылғы 15 ақпанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің бірінші және екінші курс оқытушылары және  студенттерімен кездесу өтті.

Салтанатты шара Ауғанстан төңірегіндегі жағдайды саяси реттеу туралы Женева келісімі негізінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 33 жылдығына арналды.

Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты: Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихтың ауыр сынақтарынан өткен аға буынға деген патриоттық тәрбие мен құрмет, азаматтыққа тәрбиелеу.

Кездесуге ауған ардагерлері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болат Тілеуғабылұлы  Шарипов шақырылды. Кездесудің бастамашысы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушысы Ризабек Ескенұлы Әубәкіров. Осы кездесудің есте қаларлық сәті студенттерге әскерге шақыру учаскесіне тіркеу куәлігін салтанатты түрде тапсыру болды.

“Өнер-менің болашағым!”

Құрылған күні: 2022.02.19 11:06:31

“Өнер-менің болашағым!”Осындай ұранмен 2022 жылдың 18 ақпанында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің кәсіби бағдар беру командасы Көкшетау қаласы білім бөлімінің “Сәкен Жүнісов атындағы №18 орта мектеп – лицейі” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.

9 сынып оқушыларына колледж туралы презентациялық ролик және концерттік бағдарлама ұсынылды.

Жария талқылау туралы хабарлама

Құрылған күні: 2022.02.18 10:15:14

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  мемлекеттік қызметтердің 2021 жылғы көрсету саласындағы қызметі жөніндегі  есепті ашық талқылау жүргізудің басталғаны туралы ақпараттандырады. Қызмет туралы есеп vkkas.edu.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылатын болады.  Талқылау Facebook, Instagram (colleqe_cultury_akan_sery) белгілі әлеуметтік желілерінің  беттерінде 2022 жылғы 30 наурызға дейін өткізілетін болады.

www.instagram.com/college_cultury_akan_sery

www.facebook.com/college.cultury.akan.sery/?ti=as

Бөлісу