jjjjjjjjjjj

Құрметті талапкерлер, біздің колледжде ең перспективті мамандықтар бойынша даярлық, мықты оқытушылар құрамы, ортаның бірегей сапасы

Құрылған күні: 2024.07.04 17:33:26

Тек 9-сынып және 11-сынып негізінде мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу (тегін оқыту), сондай-ақ стипендия.
Келесі мамандықтар бойынша:
-Мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырушы, оқытушы 9-сынып базасында, мемлекеттік және және орыс тілдерінде;
– Көркемөнерпаздар хореографиялық ұжымының жетекшісі, оқытушы 9-сынып базасында, мемлекеттік және және орыс тілдерінде;
– Интерьер дизайнері 9 сынып базасында, орыс тілінде;
– Киім дизайнері 9 сынып базасында, мемлекеттік тілде;
– Драма театрының әртісі 9 сынып базасында, мемлекеттік тілде;
– Әлеуметтік-мәдени қызметтің қолданбалы бакалавры 11 сынып базасында;
– Концертмейстер (фортепиано, кәсіби пианист), балалар музыка мектебінің оқытушысы 9 сынып базасында, орыс тілінде;
-Оркестр әртісі (дирижер) (ішекті аспаптар: виолончель, контрабас, скрипка; ұрмалы аспаптар: барабан, ксилофон, литавр; үрмелі аспаптар: саксафон, флейта, кларнет), балалар музыка мектебінің оқытушысы 9-сынып базасында, мемлекеттік және және орыс тілдерінде;
– Халық аспаптары оркестрінің әртісі (дирижер), (қазақ халық аспаптары: қылқобыз, прима қобыз, домбыра, жетіген); (орыс халық аспаптары: аккардеон, балалайка, домра, баян) балалар музыка мектебінің оқытушысы 9-сынып базасында, мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– Халық аспаптары оркестрінің әртісі (дирижер) (қазақ халық аспаптары: қылқобыз, прима қобыз, домбыра, жетіген); (орыс халық аспаптары: аккордеон, балалайка, домра, баян) балалар музыка мектебінің оқытушысы 11-сынып базасында;
– Эстрадалық аспаптар оркестрінің әртісі (дирижер) (бас гитара,электра гитара), балалар музыка мектебінің оқытушысы 9-сынып базасында, орыс тілінде;
– Хормейстер (хор дирижері) балалар музыка мектебінің оқытушысы, 9-сынып базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде, 11-сынып базасында орыс тілінде;
– Дәстүрлі ән айту әртісі (домбырамен ән айту), балалар музыка мектебінің оқытушысы, 9-сынып және 11-сынып базасында мемлекеттік тілде;
– Эстрадалық ән әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы, 9-сынып базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде, 11-сынып базасында орыс тілінде;
– Музыкатанушы (теоретик), балалар музыка мектебінің оқытушысы, 9-сынып базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде;
– Академиялық ән (опералық ән) айту әртісі, балалар музыка мектебінің оқытушысы, 9-сынып базасында мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Құрметті талапкерлер, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің есігі сіздер үшін ашық! Қызықтыратын сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласуға болады: 87788610168; 87086559803

Бүгінгі таңда талапкер үшін ең маңыздысы – болашақ мамандықты таңдау

Құрылған күні: 2024.06.26 19:32:30

Біздің колледжде ең перспективті мамандықтар бойынша даярлық , тамаша оқытушылар құрамы, ортаның бірегей сапасы, қолайлы психологиялық климат.
Талапкерлердің өтініштерін қабылдау 25 маусымнан басталды және күндізгі оқу нысаны бойынша шығармашылық мамандықтарға 20 шілдеге дейін негізгі орта білім беру базасында жүзеге асырылады. Оқу мерзімі: 3 жыл 10 ай.
Сондай-ақ, колледж 11-сынып базасында «Әлеуметтік-мәдени қызмет» мамандығы бойынша «Әлеуметтік-мәдени қызметтің қолданбалы бакалавры» біліктілігі бойынша күндізгі оқу нысанына қабылдауды жүзеге асырады. Оқу мерзімі: 2 жыл 10 ай.
ТжКБОБ ұйымында оқуға қабылдау жүзеге асырылады:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына -ағымдағы жылдың 25 маусымынан 20 шілдесіне дейін; қолданбалы бакалавриат (Әлеуметтік-мәдени қызмет)- 25 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу нысанына (кітапхана ісі) –25 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін.
Құжаттар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай ақ АЖ арқылы қабылданады: (https://college.smartnation.kz/ ), 1 шілдеден бастап “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы: www.egov.kz (бұдан әрі – портал).
Құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қабылдау келесі құжаттар тізбесі негізінде жүзеге асырылады:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) өлшемі 3х4 см, 4 дана фотосурет;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысанындағы медициналық анықтама; І және II топтағы мүгедектер мен бала кезінен мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
5) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке немесе заңды өкілдері ұсынады.

Құрметті талапкерлер, біздің колледждің есігі сіздер үшін ашық!

Құрметті 2024 талапкер!

Құрылған күні: 2024.06.17 19:48:02

Оқуға түсу туралы барлық ақпаратты, мамандықтар тізімін, түсу емтихандарын біздің сайттан, «Талапкерге» деген қосымша бетінен таба аласыз.

Құрметті талапкерлер, негізгі орта білім беруді аяқтағаннан кейін шығармашылық мамандықтарға ТжКОББ (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру) ұйымдарына оқуға түсу үшін өтініш электрондық үкіметтің бірыңғай порталы арқылы ғана жүзеге асырылуы қажет. Өтініш беру үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі болуы керек.
Электрондық құжат нысанындағы өтінішті талапкердің өзі немесе ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) бірі бере алады. Көрсетілетін қызметті алушы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
Қолданбалы бакалавриатқа, сырттай оқу бөліміне түсушілер үшін көрсетілетін қызметті алушы ТжКОББ ұйымына (колледжге) жүгінеді.
Ескерту: Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Порталдың «жеке кабинеті» арқылы көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы «1414», 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-да сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылауды бастау туралы анонс

Құрылған күні: 2024.06.07 10:16:29

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері  атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  17.06.2024 ж. бастап 21.06.2024 ж. дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелерін талқылауға барлық мүдделі тұлғалар қатыса алады. Талқылауға қатысу мәселелері бойынша 2024 жылғы 17 маусымға дейінгі мерзімде заңгер Т.Г. Моисеенкоға 8(7162)50-60-03 телефон нөміріне хабарласуға болады.

«WORLDSKILLS AQMOLA-2024»

Құрылған күні: 2024.05.17 18:00:26

17 мамыр күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «WORLDSKILLS AQMOLA-2024» чемпионатының жеңімпаздары мен жулдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.
10-19 сәуір аралығында облысымызда өткен байқауға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі 10 құзыреттілік бойынша қатысып, 6 құзырет бойынша жеңіске жетті. Оның ішінде алғаш рет «Цифрлық модельдеу» және қолөнер бағытындағы «AbilimpiksSkills» кұзыреттіліктері бойынша бақсынасқан болатын. Сонымен қатар «Хореография» және «Әлеуметтік мәдени қызмет көрсету» құзыреттіліктері бойынша алғаш рет аймақаралық болып өткен байқауда білім алушыларымыз керемет өнер көрсетті.
Шеберліктерін шыңдап, кәсіби құзыреттіліктерін арттырып, бақсынасып, жеңімпаз атанған Утекина Дардананы, Дулатова Томиристі, Нагымбекова Дамираны, Есет Еркежанды, Рязанова Аннаны, Бекмұханбетова Камиланы құттықтаймыз!
«Графикалық дизайн» және «Сән технологиясы» құзыреттіліктері бойынша Ақмола облысының құрамасына кіретін колледжіміздің жеңімпаздарына алдағы уақытта өтетін Ұлттық чемпионатта табыс тілейміз!

 

«Колледждің оқу үрдісінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру»

Құрылған күні: 2024.05.15 15:42:33

2024 жылғы 15 мамырда Көкшетау қаласы,  Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде  «Колледждің оқу үрдісінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында шығармашылық бағыттағы ӘБ семинары өтті.  Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» ұйымдастырды.

Семинарға облыс колледждерінің шығармашылық пәндер оқытушылары қатысты.

Семинардың мақсаты: Колледждің оқу үрдісінде студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселелері бойынша педагогтердің теориялық және практикалық құзыреттілігін арттыру; оқытушылардың кәсіби шеберлігін дамыту, заманауи оқу сабағын құруды жетілдіруде заманауи технологияларды пайдалана отырып, білім беру сапасын арттыру; педагогикалық тәжірибе алмасу.

Қатысушыларға Ақмола облысы білім басқармасының  «Әдістемелік орталығының» әдіскері Жаманбаева Қарағөз Мұқышқызы құттықтау сөз сөйледі.

Семинардың пленарлық бөлімінде Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен:  колледж әдіскері, педагогика ғылымдарының кандидаты Кушпаев Гүлнар Бүркітбайқызы  және  «Үрмелі, ұрмалы, ішекті және эстрадалық аспаптар» ПЦК төрағасы Жандәулет Балта Биғазыұлы, сөз сөйледі.

Семинар барысында Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің музыкалық  пәндер оқытушылары, зерттеуші-педагогтар 3 шеберлік сыныбын өткізді:

  1. Дукумбаева Шолпан Базаркызы, облыстық филармонияның солисі, ҚР еңбек сіңірген артисі – «Жаңадан бастап жүрген әншілермен вокалды үйренудің принциптері мен әдістері» тақырыбында.
  2. Бозжігітова Жанна Тұрыспекқызы – «Сольфеджио сабақтарында «Хроматизм» тақырыбымен жұмыс» тақырыбында
  3. Жұманова Рена Қылышқызы –  «Этносольфеджио курсындағы пәнаралық байланыстар» тақырыбында

Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің музыкалық пәндер  оқытушылары Тугусаева Елена Викторовна («Хор пәндері мысалында «Музыкалық білім беру» мамандығының болашақ педагогының  кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында; Задорожный Игорь Анатольевич,  Астана қаласында өткен 2021 жылғы 2-ші Халықаралық вокалды-аспаптық музыка байқауының Бас жүлдесі  иегері «Педагогикалық колледжде аккордеонда ойнауды үйренудің негізгі әдістері» тақырыбында) өздерінің тәжірибелік оқыту әдістерімен және тәсілдерімен  бөлісті.

Жас, келешегі зор маман, Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Домбыра» сыныбы бойынша оқытушысы  Балтин Бауыржан Серікұлы

«Халық аспаптарында ойнау техникасын меңгерудегі қиындықтар» тақырыбында сөз сөйледі.

Барлық баяндамалар негізінде әдістемелік ұсынымдар әзірленді .

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Семинардың модераторы оқытушы Ильясова Сәуле Ибрайқызы болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау

Құрылған күні: 2024.05.14 11:39:43

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі»  МКҚК «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын анықтау және зерделеу мақсатында 2024 жылғы маусымда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді жоспарлап отыр.

Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.

Талдауға қатысу мәселелері бойынша заңгер Моисеенко Татьяна Григорьевнаға келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8-716-2-50-60-03, 87056030586.

Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды

Құрылған күні: 2024.04.15 16:11:06

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына қол қойды.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.

Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

t.me/aqorda_resmi

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы

Құрылған күні: 2024.04.01 17:27:02

Бөлісу