jjjjjjjjjjj

«Саналы ұрпақ» клубы

Құрылған күні: 2019.11.06 00:23:04

2019 жылғы 5 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған «Саналы Ұрпақ» клубының ашылуы өтті. Бұл іс-шараның жетекшілері: Голикова Е.В., Тлеугабылова Г.Т., Қажмұратова А.К. болды. Осы кездесуге арнайы шақырылған қонақтар Тайшенова Самира – «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі, Ли Марина Борисовна – білім басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы.

Қызу әңгіме барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістеріне қатысты көптеген мәселелер қарастырылды. Студенттер белсенді қатысып, көптеген сұрақтар қойды.

Кездесудің шарықтау шегі еліміздегі сыбайлас жемқорлық мәселелері туралы өз пікірін білдірген студенттердің сөз сөйлеуі болды.

Өзара ынтымақтастық

Құрылған күні: 2019.11.04 16:25:19

2019 жылғы 1 қарашада ұлттық өнердің өрісіне үлес қосып жатқан, өнер мектебі ретіндегі, Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіне өңіріміздегі колледждердің тәжірибелі, табысты басшылары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайту шеңберінде студенттермен кездесу өткізді. Колледж ұжымы мен студенттері қонақтарды  жаңа оқу ғимаратында қарсы алып, көптен күткен акт залында, кең кітапхана кешеңінде, тренажер мен үлкен спорт залында және хореографиялық залдарда өз өнерлерін көрсетті. Осының барлығы мамандарды даярлау сапасын арттыруға және білім іздеп келген өрендерге үлкен тәлім-тәрбие беретіндігі сөзсіз.  Колледждің шаңырағы биіктеп, шағын отаудың іргесінен үй тігіп, мүмкіндігінің артып, арман – мұратының орындалған қуанышына  ортақтасуға келген арнайы қонақтарымыз шағын хас-шеберліктер мен концерттік нөмірлерден кейін ұстаздар ұжымы мен  студенттерді осындай маңызды оқиғамен құттықтап, тағы да үлкен шығармашылық жеңістер тіледі!

Зиянды әдеттерден аулақ бол!

Құрылған күні: 2019.10.29 17:05:10

Ішімдікті тұтынудан бас тарту күніне орай Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Зиянды әдеттерден аулақ бол!» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Оған колледждің 1-2 курс білім алушылары қатысты. Тәрбие сағатын математика пәнінің оқытушы Ерлан Таберхан өткізді. Ішімдік барлық жамандықтың қайнар көзі екенін, оның адам мен қоғамға алып келетін орасан зор зардабы жайында сөз қозғалды. Сондай-ақ арақтың пайдасы жайында қоғамда қалыптасқан пікірлердің қате екені, оның ешқандай пайдасы жоқ екені дәлелдермен келтірілді. Сөз соңында, білім алушыларды ішімдік секілді жаман әдеттерден аулақ болуға, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстануға,сондай-ақ жастық шақта білім алып, өнер үйреніп, уақытты пайдалы өткізуге шақырды.

Байқаудағы жеңіс

Құрылған күні: 2019.10.29 15:28:06

«Өрлеу» БАҰО филиалы Ақмола облысы бойынша ПҚ БАИ өткізген «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты Республикалық бейнесабақтар байқауында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің дизайн пәндері оқытушысы Қымбат Мұқанқызы Құсайынова байқаудың 100 қатысушысы арасында құрметті 3 орынға ие болды! Қымбат Мұқанқызын шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!

Техникалық және кәсіби білім берудегі инклюзивтік білім берудің үздік педагогы

Құрылған күні: 2019.10.28 16:35:56

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, жоғары санатты математика және физика пәндерінің оқытушысы Райхан Балтабекқызы Баткульдина «Техникалық және кәсіби білім берудегі инклюзивтік білім берудің үздік педагогы» облыстық байқауында екінші орынға ие болды. Райхан Балтабекқызы, құтты болсын! Шығармашылық табыстарға жете беріңіз!

Адалдық сағаты

Құрылған күні: 2019.10.23 15:25:48

17 қазан 2019 жылы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске арналған “Адалдық сағаты” өтті. Бұл іс-шараның жетекшілері: Г. Т. Тлеуғабылова, А. К. Қажмұратова, Е. В.Голикова.

Аталған іс-шараның арнайы шақырылған қонағы – «Адалдық аланы» жобалық кеңсесінің жетекшісі  Тайшенова Самира  Омирбаевна болды. Ол ұйымның басты мақсаттары мен міндеттерін ашып, бүгінгі таңдағы жетістіктерімен бөлісті. Шара соңында колледж білім алушылары  дайындаған адалдық туралы бейнеролик көрсетілді.

Әңгіме барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әдістеріне қатысты көптеген мәселелер қаралды. Білім алушылар өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.

Спартакиадада 2 орын

Құрылған күні: 2019.10.23 15:24:29

17  қазанда  білім алушылар 3 ИД Темиртасова Алина және 1 ТҰЖ Тулек Дильназ  қалалық «Сұңқар» спартакиадасында 2 орынға ие болды.

Студентікке қабылдау-2019

Құрылған күні: 2019.10.22 19:09:43

2019 жылғы 22 қазанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің бірінші курстарды  студентікке қабылдау  өтті. Жоғары курстар бірінші курс студенттеріне арналған «сынақ» өткізді, ал бірінші курс студенттері «Танысыңыз, бұл біз!» газеттер мен селфи, өздерін таныстыру дайындады. Осы іс-шараны ұйымдастырған  3 ККҰ және 3 БП топтары дайындыққа өте байыпты келіп, оқытушылардың басшылығымен аталған іс-шараны көңілді және қызықты өткізді. Бірінші курс студенттеріне салтантты түрде студент билеттері табысталды.

Бірінші курс студенттерін құттықтаймыз! Позитивті көңіл-күй, шығармашылық табыс тілейміз.

«Театральное студенчество – межкультурный диалог»

Құрылған күні: 2019.10.22 18:25:40

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Ақан сері  атындағы жоғары мәдениет колледжінің 3 ККҰ тобының білім алушылары Ресей Федерациясы, Марий Эл Республикасы,  Йошар-Ола қаласындағы  И. С. Палантай атындағы Марий республикалық мәдениет және өнер колледжінде өткен      Д. Д. Лавров атындағы  «Театральное студенчество – межкультурный диалог»  атты мәдениет және өнер оқу орындарының X-ші Халықаралық фестиваль- лабораториясына қатысты. Біздің білім алушылар А. П. Чеховтың «Три сестры» (спектакльдің режиссері Тимур Валиев) желісі бойынша «Дом#Прозоровы» спектаклін ұсынып, жетекші театр қайраткерлерінен, профессорлардан, өнертану кандидаттарынан, театр педагогтерінен, театрлар басшыларынан жағымды  пікірлер алды. Білім алушыларға, курс жетекшісі Г. Л.Кочетоваға дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры К.Г.Идрисова ҚР және РФ оқу орындарының арасындағы  жемісті ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі  үшін И. С. Палантай атындағы Марий республикалық мәдениет және өнер колледжінің   Алғыс хатымен марапатталды.

Үздік топ

Құрылған күні: 2019.10.16 01:12:07

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша «Кітапханашы» біліктілігінің 3 КБ тобы колледждің ең үздік тобы болып анықталды. Жақсы оқу, сабаққа қатысу, іс-шараларға қатысу, белсенді қоғамдық қызмет үшін марапаттау ретінде топ «Сұңқар» сауықтыру кешеніне барды. Топ жетекшісі Х.К.Казиева бастаған топ біздің аймақтың тамаша кешенінде демалып, (бассейнде жүзу, жаттығу залында болу, күзгі орманда серуендеу)  жақсы көңіл-күймен оқуға оралды!

Бөлісу