jjjjjjjjjjj

Лайықты бағалау

Құрылған күні: 2019.04.22 11:15:56

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» мамандығының оқытушылары мен білім алушыларының бастамасымен құрылған «EL jastar» жастар экспериментальді театр-лабораториясы Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған IV Халықаралық “BALAUSA” экспериментальді спектакльдер фестиваліне қатысты. 2019 жылы 16-21 сәуір аралығында Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрында өткен фестивальге Қазақстан театрларымен қатар Армения, Өзбекстан, Қырғызстан, Татарстанның кәсіби театр ұжымдары қатысты. «EL jastar» театры көрермендер мен қазылар алқасына «Өзекті сахналық тілді іздегені үшін» номинациясы және Ақтөбе қаласы әкімінің арнайы сыйлығына ие болған А.Баймұхаметовтың “Армандар кемесі” спектаклін ұсынды. Бұл жас ұжым үшін жоғары баға, біз өз шеберліктерін кәсіби деңгейде көрсеткен білім алушыларымыз бен оқытушыларымызды мақтан тұтамыз!

Ашық есіктер күні

Құрылған күні: 2019.04.19 01:08:19

Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 18 сәуір күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Көкшетау қаласының № 19, 2, 4, 11, 3, 6, 17, 14 мектептерінен 200-ден астам оқушы келді. Қонақтарды колледждің жоғарғы курс білім алушылары өздерінің мамандықтарының логотиптері бар бетперде киіп қарсы алып, колледжге экскурсия жүргізілді. Әр біліктілік өз бағытының ерекшелігін көрсетті: «Киім дизайны» мамандығы білім алушылары әзірлеген ұлттық костюмдер көрмесін, «Интерьер дизайны» – байқауларда жүлделі орындарға ие болған суреттер көрмесін дайындады, келген оқушылар жұмыстарға таңданыспен қарады. «Драма театры артистері», «Театр ұжымының режиссерлері» және «Көпшілік көріністер ұйымдастырушылары» дайындаған қойылымдарды тамашалаған оқушылар ерекше әсер алды. «Халық аспаптары оркестрінің жетекшілері» музыкалық аспаптарда орындау шеберлігін, «Педагог-хореографтар» би композицияларының элементтерін көрсетті. Колледждің мәжіліс залында оқытушылар мен білім алушылар дайындаған концерттік нөмірлер ұсынылды. Колледж директоры К. Г. Идрисова құттықтау сөз сөйлеп, колледж тарихы және сансыз жетістіктері туралы, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Г. А. Кадралиева әр біліктілік пен жұмысқа орналасу ерекшеліктері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, оқушылар әр біліктілік бойынша оқу ерекшеліктеріне тоқталып, ақпарат берген арнайы пән оқытушыларымен танысуға мүмкіндік алды. Оқушылардың пікірлері бойынша мәдениеттің болашағы бар деп айтуға болады: немқұрайлылық танытпайтын жігерлі жастар көп және олар үшін Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің есігі әрдайым ашық

«Күй тартыс-2019»

Құрылған күні: 2019.04.08 14:09:15

«Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, халық аспаптар оркестрінің (ансамблінің) жетекшісі» біліктілігінің 2-курс білім алушысы Әзімұлы Нұрсұлтан музыкалық пәндер оқытушысы Нәжіпжан Бахытжанның жетекшілігімен Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында өткен “Күй тартыс-2019” республикалық конкурсында құрметті екінші орынды иеленді. Байқаудың мақсаты – жас музыканттардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру және олардың рухани дамуы мен көркемдік өсуін қалыптастыру. Жоғары мәдениет колледжі білім алушысының орындаушылық шеберлігін, техникасын, көркемдік бейнесінің ашылуын, сахна мәдениетін қазылар алқасы жоғары бағалады. Жеңімпазды құттықтаймыз және одан әрі жоғары шығармашылық жетістіктер тілейміз!

Театр – Шығармашылық – Талант

Құрылған күні: 2019.04.03 17:38:32

Қарағанды қаласында 1 және 2 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен «Театр – Шығармашылық – Талант» ІІІ халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестиваль-байқауында Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдарының режиссері» біліктілігінің 2-курс білім алушылары Г.А.Рыбакова мен Д.В.Бронниковтың жетекшілік етуімен «Спектакль» аталымы бойынша І дәрежелі лауреат атанып, 100 000 теңге көлемінде сертификатқа ие болды. Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Атбасар, Жезқазған, Көкшетау, Екібастұз және Ресейдің Кемерово, Новосібір қалаларының кәсіби және әуесқой театр ұжымдарынан 200-ге жуық адам қатысты. А.С.Пушкиннің «Сказка о попе и о работнике его Балде» ертегісінің желісі бойынша қойылым көрсеткен білім алушылар көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жетекшілері «Үздік музыкалық әрленген спектакль» аталымы бойынша дипломдармен марапатталды. Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін құттықтап, шығармашылық ізденістер мен толағай табыстар тілейміз!

«Струнная капель – 2019» байқауының лауреаттары

Құрылған күні: 2019.03.30 18:00:10

2019 жылдың 29-31 наурыз күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының аясында өткен «Струнная капель – 2019» Республикалық гитаралық әндер байқауында «Амигос» вокалды-аспаптық ансамблінің әншілері Кубашев Айдан (4 КҚҰ) мен Еділбай Дәурен (3 БП) лауреат атанды. Байқауға қатысқан біздің өнерпаздар  пуэрто-рикандық музыкант Луиса Фонсидің «Despacito» әнін  орындап, көрерменнің ыстық ықыласы мен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Сайыс соңында жеңімпаздар кубогы табысталып,  дипломмен  марапатталды. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласындағы Оқушылар Сарайының сахнасында өнер көрсету құрметіне ие болды. Жеңімпаздарды лайықты жеңісімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз!

Қош келдің, әз-Наурыз!

Құрылған күні: 2019.03.19 21:04:06

2019 жылдың 19 наурызында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Наурыз мерекесі тойланды. Алдымен колледж фойесінде салтанатты шараның ашылуы өтті. Колледж директоры Қ.Идрисова оқытушылар мен білім алушыларды мерекемен құттықтап, шашу шашты.

Бұл күні колледждің бірінші қабатында дизайнерлердің «Көктем келді» деген тақырыпта көрмесі ұсынылды. Наурыз мерекесіне байланысты студенттердің дайындаған әзіл-ысқақ көрінісі қойылды. Колледж білім алушылары кітапханада қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты викториналық сұрақтарға жауап беріп, жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Колледж ауласында қол күресі, 16 кг-дық кір тасын көтеру, асық, секіртпе, арқан тартысы сияқты қазақтың ұлттық спорттық ойындары ойналып, «Қара жорғамен» флешмоб биленді. Әр сабақтан кейінгі қоңырауда студенттер наурыз мерекесіне арналған дастарханнан тамақтанып, Наурыз көжеден дәм татты. Іс-шара сағат 12.00-де мәжіліс залында «Қош келдің, Наурыз!» деген тақырыптағы концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.

Көрісу күні

Құрылған күні: 2019.03.14 11:09:31

14 наурызды «Көрісу күні». Амал деп те атайды. Бұл күні адамдар, жаңа жыл келіп жеткендей, жасыңа жас қосылғандай бір-біріне кезіккенде «Бір жасқа шығуыңмен!», «Жасың құтты болсын!»  деп бір-бірін құттықтап мәре-сәре болып жатады. Осы орайда Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұл күнді ерекше атап өтті. Амал мерекесіне оқу орнының барлық білім алушылары мен оқытушылары белсене қатысты.

Үздік баяндама

Құрылған күні: 2019.03.13 01:32:27

2019 жылғы 27 ақпанда «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК базасында өткен «Қазақстанның білім беруді жаңғырту жағдайында әлеуметтік-мәдени сала мамандарын даярлау» атты семинардың пленарлық бөлімінде актер шеберлігі және режиссура пәндерінің оқытушысы Канафин Фархадбек Аманжолұлы «Жас режиссерлерді оқытудағы жаңа әдістер» тақырыбында баяндама жасады. Баяндама  көптеген оң  пікірлер тудырды.

“Жас режиссерларды оқытудағы жаңа әдістер”

Құрылған күні: 2019.03.13 01:28:34

Канафин Ф.А.

         Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжі  студенттердің білім алуымен қатар  жан-жақты шығармашылық дамуына лайықты жағдай жасаған бірден бір оқу орны. Қазіргі уақыттың көз ілеспей  жылдамдықпен дамуы болашақ мамандарға үлкен талап қойып отырғаны белгілі.Болашақ маман оқу орны қабырғасынан  еңбек жолына толыққанды дайын болып шығуы педагогтардың басты мақсаты екені даусыз.Мен аталған оқу орнында “Театр ұжымының режиссері, педагог, ұйымдастырушы” мамандығы студенттеріне “Режиссура және актер шеберлігі” пәнінен сабақ беремін.Осы орайда студенттерді заман ағымына сай сахна өнерінің жаңа бағыттарымен таныстырып отыру басты мәселе екені даусыз.Сахна өнерінің алыптары К.С.Станиславский, Вс.Мейерхольд, Е.Вахтангов, М.Чехов, Б.Брехт, Г.Товстоногов, Ю.Любимов, П.Брук, Е.Гротовскийлардың режиссурасы мен әдістерін   болашақ театр ұжымының режиссері бөлімінің студенттеріне біз жан-жақты оқытамыз.Сонымен қатар қазақ режисссерлері Жұмат Шанин, Жақып Омаров, Асқар Тоқпанов, Маман Байсеркеұлы, Ерғали Оразымбетов, Жанат Хаджиев, Қуандық Қасымов, Болат Атабаев, Қайрат Сүгірбеков,  Нұрғанат Жақыпбай шығармашылығы да оқытылады.

Студенттерді сонымен қатар заманауи театр бағыттарымен үнемі таныстырып, жай таныстырып қана қоймай, тәжірибелік түрде байқап көруді

педагогтық практикада қолданып келемін.Бұл олардың заман көшіне ілесіп қана қоймай, әлемдік театр үдерісін уақтылы сезінуіне жол ашады.Сахна өнерінің жаңа бағыттары қатарына: физикалық театр, документальді театр (вербатим), сторителлинг, перформанс-қойылымдар, саундрама, иммерсивті театр, суретшілік театр, поп-ап театр, постдрамалық театр жатады.Бұл бағыттардың әрқайсысы Еуропада пайда болып, қалыптасып, қазір Ресей, Украина және Беларусь елдерінде  сәтті даму үстінде.Енді осылардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтсек.

Физикалық театр- сюжетті физикалық қозғалыстар арқылы баяндайтын сахналық жанр түрі.Бұл жанрдың ерекшелігі- қозғалыстың мәтіннен толыққанды үстем тұруы (мәтін мүлде болмауы да мүмкін);  дененің тілі мен мимика қозғалысынан  әрекет туындап, драматург мәтінінен тәуелсіз болуы оны пантомимаға жақындатады.Орындаушылар бір-бірімен дененің әр түрлі ишараттары арқылы қарым-қатынасқа түсіп, өз эмоциялары мен ішкі импульстарын көрсетеді.Оның өкілі: әйгілі актер Чарли Чаплинның немересі актер Джеймс Терьенің “Майский жук”, “Лягушка была права” қойылымдарын жатқызуға болады.Сіздер білесіздер режиссура бөлімінің студенттері 2,3 және 4 курста драматургиялық шығармалардан үзінді немесе прозалық шығармадан үзінді алып, сахналайды. Осы орайда туынды жанры не табиғаты, құрылымы физикалық театрға тән болса, болашақ режиссерге осы бағытты ашып оқытамыз.Мысалы 2016 жылы ТҰР бөлімінің студенті Асылхан Калиев Ш.Айтматовтың “Ғасырдан да ұзақ күн” романындағы “Боранды бекет” повесінен “Найман Ана”  аңызынан сахналық нұсқа жасап, “Мәңгүрт” атауымен қойылымды   шығарманы физикалық театр бағытында сахналады.Қойылым 2017 жылы Ресейдің Мари Эль Республикасы Иошкар Ола қаласында өткен “Театральное студенчество-2017” халықаралық эксперименттік фестиваль-лабораторияға қатысып, дипломға ие болды.Осы қойылым 2018 жылы Алматы қаласында өткен “ЖАС АRT-2018” халықаралық студенттік жастар театр фестиваліне қатысып, 3-орынға ие болды.

Заманауи бағыттардың екіншісі документальді театр- вербатим.Вербатим сөзі латыншадан аударғанда-тікелей, сөзбе сөз дегенді білдіреді.ХХ- ХХI ғасырлар тоғысында пайда болған театр өнерінің  түрі.Документальді театр қойылымдары өмірдегі қарапайым адамдардың монологтары мен диалогтарынан тұрады да, актерлар арқылы  орындалады.

Қойылымға материал ретінде газет мақаласы, интервью, телебағдарлама, әлеуметтік желілердегі жазба, жазылған дыбыс, фото және бейне материалдар пайдаланылады.Интервьюдегі адамдардың сөз сөйлеу, сөз саптау әдісі мен олардың тіпті ыы-ы, іі деген сөздері сол қалпында айна қатесіз орындалады.  Бұл бағытта образды және режиссерлік шешімдер, декорациялар болмайды.Бәрі өмірдегідей шынайы әрі қарапайым болғаны жөн.Қойылым жасауға кез-келген нәрсе емес, қоғамда қазіргі таңда ерекше актуальді, ушығып тұрған мәселе алынады.Бұндай театрларға Берлиндегі әйгілі “Римини Протокол” театры, Мәскеудегі “Театр.Doc” театры мен “Практика” театрларын жатқызуға болады.Бұл бағытты мен қазіргі оқып жатқан 2 ТҰР тобының студенттеріне тәжірибелік тұрғыда өткізіп, ютуб бейнехостингідегі танымал кәсіпкердің қазіргі уақытта  актуальді бейнетренингіне сүйеніп вербатим жасап көрдік. Бұл бағыт студенттердің қызығушылығын туғызды.

Үшінші бағыт-сторителлинг. Бұл бағытта актер белгілі бір шығарманы көрермен алдында әңгімеші ретінде баяндап береді.Сторителлингтің мақсаты көрермен актерді түсініп, тыңдап зер салу үшін актер жаңаша коммуникация түрінде оқиғаны баяндап айтып береді.Бұл бағытта декорация, костюм, реквизит қолданылмайды.Актер бір орында отырып, не тұрып баяндап айтып береді.Байқап қарасаңыздар қазақтың батырлар жырын айтатын қиссашы, немесе жыраулардың поэзиясына ұқсас келеді.Бағытты студентерге дәріс түрінде өткізіп, қазіргі уақытта  Абай Құнанбаевтың “Ескендір” поэмасын студенттермен сторителлинг бағытында дайындаудамыз.

Заманауи тағы бір бағыттың бірі-перформанс-қойылымдар.Бұл бағыттағы қойылымдар белгілі бір сюжетке сүйенбейді.Батпақ, бояу, қағаздар сияқты материалдар қолданылып, сонымен қатар қойылым жанды музыкамен сүйемелденеді.Қойылым сахнадан өзге  жерде:(мысалы: құрылыс алаңы, вокзал, парк, кафе, т.б. жерлерде ойналады.) Сонымен қатар қойылымда көрерменді арандатуға шақыратын әр түрлі тәсілдер қолданылады.Бұл бағыт студенттерге жалпы түсіндірілді.Тәжірибелік түрде алдағы уақытта өтеміз.

Саундрама бағыты- Ресейде режиссер Владимир Панков қалыптастырды. Бұл бағытта қойылыммен жұмыс барысында режиссерлар, актерлармен, суретшілермен қатар музыканттар, композиторлар, хореографтар, дыбыс режиссерлары тізе қосып жұмыс істейді.Дайындық барысында сазгерлер актердің әрбір қимыл-қозғалсына музыка жазады. Хореографтар би қойып, дыбыс режиссері дыбысты жүйелейді.Қойылым кезінде сахнада актерлармен қатар музыканттар сүйемелдеп отырады.Саундрама театр өнерін басқа өнер түрлерімен синтездік байланысын қалайтын қызықты жанр түрі.

Иммерсивті театр- заманауи театр бағыты. Иммерсив ағылшынша  “қатысу эффектісін қалыптастыру” дегенді білдіреді.Иммерсивті қойылым көрерменнің қойылымға толыққанды қатысуын тудырады, бұл жерде көрермен- болып жатқан әрекеттің толыққанды мүшесі болып табылады.Иммерсивті театрдың қойылымдарын променад-қойылымдар дейді.Кез-келген сәтте актерлар көрерменмен тікелей қарым-қатынас жасап, оның қолын байлап және басқа бөлмеге апаруы мүмкін, сонда қалдыруы мүмкін, құшақтауы мүмкін немес сүюі мүмкін, немесе көзіне ұзақ қарауы мүмкін.Иммерсивті театрда дәстүрлі мағынадағы көрермен залы болмайды,

демек көрерменді актердан бөліп тұратын “төртінші қабырға” ұғымы жоқ.Променад-театрдың әрекеті бір сәтте әр түрлі локацияда дами бастайды.Режисерлар көрермендерге жаңа әрекеттік сценарийді ұсынады, оған үлкен белсенді  роль береді: кезу қойылымдарының  көрермендері жүру бағытты- осы немесе басқа сюжет линиясын таңдап-бір локациядан екіншісіне өтіп, ал кей сәтте болып жатқан оқиғаға әсер де ете алады.Мұндай қойылым әр түрлі сюжеттерден құрастырылып, бөлшектер мозайкаға жиналғандай болады.

Суретшілік театр – 20шы ғасыр барысында қалыптасып, оның екінші жартысында әлемдік мәдениеттің басты оқиғасына айналды.Оның жарқын өкілдеріне:Тадеуш Кантор, Й.Шайна, П.Шуман, А.Фрайер, Р.Уилсонды жатқызуға болады.Бұл шеберлердің жеке әдістерінің айырмашылықтары едәуір болса да, оларды біріктіретін нәрсе олардың қойылымдары сахналық кеңістік пен уақытта туындайтын пластикалық шығармашылық.Бұл режиссерлар өз қойылымдарын сахналау барысында пластикалық шыармашылық категориясында ойланып, драмалық сюжетті визуальдік өнер заңымен құрады.Суретшілік театрға Ресейдің Мәскеу қаласындағы Драма өнері мектебі (ШДИ) режиссері Дмитрий Крымовтың қойылымдарын жатқызуға болады.

Поп ап театр бағыты- басқаша айтқанда партизандық театр.Бұл бағыттың ерекшелігі “театр” деген сөздің мағынасын кеңейтіп, шекарадан шығып, қалыптарды бұзып, шынайы өмір көрінісін зерттеп және зертеудің обьектісі мен субьектісіне айналу.Бұл театр қойылымдары  кез-келген жерде пайда болып, ойналып, сосын жоқ болып кетеді.Мұның бір мысалы ретінде Ресейдің Санкт Петербург қаласындағы Pop- ap театрды айтуға болады.

Постдрамалық театр деген ұғым неміс театр сыншысы Ханс Тис Леманның 1999 жылы жарыққа шыққан кітабінда осылай аталады.Леманның пікірінше постдрамалық театрдың негізгі ерекшелігі ол- оның драмалық мәтіннен жоғары тұруы.Драма өмір кешеді, бірақ жаңа театрлық тұжырымның шеңберінде әлсіз, ескірген құрылымға айналады.Заманауи спектакль драманы иллюстрация жасамай, фигуративтілік пен нарративтен бас тартады. Постдрамалық театр көп қырлы болып табылады.Оның шекаралары музыкалық және мимикалық театрдың перформативті формаларына, заманауи би, дене театры мен қуыршақ театры, цирк үшін  ашық деуге болады.

Қорыта келе замануи театр мультимедиялық технологияларды қолданып, заманауи өнердің территориясына белсенді түрде енуде.Заманауи театр сан түрлі бағытта дамуда, және бұл оның басты ерекшеліктерінің бірі.

Міне біз театр ұжымының режисері бөлімінің студенттеріне аталған бағыттарды үйретудеміз.Студенттердің теориялық тұрғыда алған білімдерін тәжірибелік тұрғыда ұштау үшін жақында ғана ақпанның 20сы күні Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасы мен “Рух-Алдаспан” бірлестігі және Ақан Сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінің қолдауымен Ақмола  облыстық “Ел жастар” театры башқұрт жазушысы А.Баймухаметовтың “Армандар кемесі” қойылымымен  ашылды.Аталған қойылымдағы бүкіл рольдерді колледж  студенттері ойнайды. Бұл театр алаңы олардың шығармашылық әрі тәжірибелік дамуына үлкен мүмкіндік болып отыр.Аталған қойылымда эпикалық театр бағыты мен Сруетшілік театр бағыты қолданылды.

Міне Ақан сері атындағы Көкшетау жоғары мәдениет колледжінде студенттерді  жоғарыдағы замануи театр бағыттарымен таныстыру әдістемесі осы. Назарларыңызға  рахмет!

 

 

Основные показатели финансовой деятельности по состоянию на 01 января 2019 г.

Құрылған күні: 2019.01.01 14:20:15
Техническое и профессиональное образование ед. изм. 2019 год
годовой план план на период факт
1. Среднегодовой контингент обучающиеся чел. 390 390 390
средний расход на 1-го обучающегося тыс. тенге 722,6 722,6 722,6
2. Всего расходы, тыс.тенге тыс. тенге 214124 68266 68266
в том числе:
3. Фонд заработной платы тыс. тенге 166635 40488 38695
из них:
3.1. Адмиистративный персонал тыс. тенге 10166 2346 2346
штатная численность единиц 7 7 7
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 121023 111714 111714
3.2. Основной пересонал – ППС тыс. тенге 125119 31280 28512
штатная численность единиц 114 114 114
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 91461 91461 83368
3.3. Мастер производственного обучения тыс. тенге
штатная численность единиц
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге
3.4. Вспомогательный и технический персонал тыс. тенге 31350 7837 7837
штатная численность единиц 44 44 44
среднемесячная заработная плата 1 ед. тенге 59375 59375 59375
2. Налоги и другие обязательные платежи в бюджет тыс. тенге 28989 4066 4689
3. Коммунальные расходы
(свет, вода, отопление, связь,интернет, ареднда помещений и др.)
тыс. тенге 6345 2856 1078
4. Текущий ремонт помещений и оборудования тыс. тенге 12155
5. Капитальные расходы
(капительный ремонт, приобретение основных средств)
тыс. тенге
6. Прочие расходы
(приобретение литературы, канцелярских и хозяйственных товаров и др.)
тыс. тенге 71701 20856 23804

 

Бөлісу