Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 18 сәуір күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға Көкшетау қаласының № 19, 2, 4, 11, 3, 6, 17, 14 мектептерінен 200-ден астам оқушы келді. Қонақтарды колледждің жоғарғы курс білім алушылары өздерінің мамандықтарының логотиптері бар бетперде киіп қарсы алып, колледжге экскурсия жүргізілді. Әр біліктілік өз бағытының ерекшелігін көрсетті: «Киім дизайны» мамандығы білім алушылары әзірлеген ұлттық костюмдер көрмесін, «Интерьер дизайны» – байқауларда жүлделі орындарға ие болған суреттер көрмесін дайындады, келген оқушылар жұмыстарға таңданыспен қарады. «Драма театры артистері», «Театр ұжымының режиссерлері» және «Көпшілік көріністер ұйымдастырушылары» дайындаған қойылымдарды тамашалаған оқушылар ерекше әсер алды. «Халық аспаптары оркестрінің жетекшілері» музыкалық аспаптарда орындау шеберлігін, «Педагог-хореографтар» би композицияларының элементтерін көрсетті. Колледждің мәжіліс залында оқытушылар мен білім алушылар дайындаған концерттік нөмірлер ұсынылды. Колледж директоры К. Г. Идрисова құттықтау сөз сөйлеп, колледж тарихы және сансыз жетістіктері туралы, директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Г. А. Кадралиева әр біліктілік пен жұмысқа орналасу ерекшеліктері туралы айтып берді.

Сонымен қатар, оқушылар әр біліктілік бойынша оқу ерекшеліктеріне тоқталып, ақпарат берген арнайы пән оқытушыларымен танысуға мүмкіндік алды. Оқушылардың пікірлері бойынша мәдениеттің болашағы бар деп айтуға болады: немқұрайлылық танытпайтын жігерлі жастар көп және олар үшін Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің есігі әрдайым ашық

Бөлісу