jjjjjjjjjjj

«Ақаннан қалған ақындық»

Құрылған күні: 2019.01.25 14:56:30

Елбасының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай колледжімізде «Ақаннан қалған ақындық» деген атпен Көкшетау өңірінен шыққан жас ақындармен кездесу кеші болып  өтті. Кешке Мерген Тоқсанбай, Бақытбек Бекмұратұлы, Қуаныш Оспан, Серғазы Қайырболды  сынды ақындар келіп, жырдан шашу шашты. «Жастар жылына» байланысты алған қойған мақсаттарымен ой бөлісіп, білім алушылармен пікір алмасты.  Іс-шара барысында колледж студенттері ақындар өлеңдерінен үзінділер оқып, көкейде жүрген сауалдарына жауап ала білді.   Кеш соңында ақындар «Жетеудің хаты» деген сериямен шыққан кітаптарын колледж кітапханасына тарту етті.

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын түсіндіру бойынша іс-шара

Құрылған күні: 2019.01.24 13:16:41

2019 жылғы 24 қаңтарда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің мәжіліс залында    Елбасының  «Ұлы даланың жеті қыры» атты  мақаласын түсіндіру және талқылау бойынша ауқымды іс-шара өткізілді. Аталған іс-шараға Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасының бас маманы К.Ә.Жұмаенова шақырылды.

Іс-шара екі кезеңде өтті. Бірінші блок: колледж оқытушыларымен мақаланың негізгі тезистерін талқылау және түсіндіру. Адам өміріндегі  құндылықтардың бірі – мәдениетке көп көңіл бөлінгендіктен, мақала  мәдениет колледжі қызметкерлері үшін өзекті болып табылатыны сөзсіз. Талқылау мен түсіндіру барысында оқытушылар  белсенділік танытты.

Іс-шараның екінші блогында  Елбасының мақаласы колледж білім алушыларымен талқыланып, жастарға арналған маңызды мәселелер қарастырылды. Әр мамандықтың өкілдері мақаладан өздері үшін белсенді және жемісті талқыланған маңызды тармақтар тапты: атап айтсақ, кітапханашылар  – «Ұлы даланың ұлы есімдері», дизайнерлер – «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі», халық аспаптары оркестрінің жетекшілері – «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», режиссерлер – «Тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі».

Іс-шара колледж кітапханашысы А.Е.Хаджимуратованың «Ұлы даланың жеті қыры» атты көрмеге қойылған пайдалы да мазмұнды кітаптарға шолуымен аяқталды.

«Балқадиша»

Құрылған күні: 2019.01.23 15:07:33

2019 жылғы 23 желтоқсанда колледжімізде Елбасымыз Н.Назарбаевтың 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауына орай ұйымдастырылған «BALQADISHA» қыздар клубының салтанатты түрде ашылуы өтті.

Іс-шара колледждің 4-курс  студенттерінің Ақан серінің Ыбырай ауылына келіп, Балқадишаға сезімін білдірген сәтін бейнелеген театрландырылған қойылымымен басталды.

«BALQADISHA» қыздар клубының ашылу рәсімінің лентасын  клубтың төрайымы Айтжан Настайқызы мен Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Еспайқызы қиды. Одан әрі сөз алған кештің құрметті қонағы Киікова Зере Еспайқызы қазақ қызының бойына тән әдеп пен сыпайылық, ибалылық пен инабаттылық қасиеттерді сақтап, тазалық пен адамгершілік қасиеттерді дәріптеуге шақырды.

Іс-шарада  көрермендер колледж айтыскерлері Абзал Жұмабек пен Бағызор Ерболқызының айтысын тамашалады.   Гүлғайша Жақсылықтың «Аяулы анам» әні орындалып,  «Жарқын» би ансамблінің биімен жалғасын тапты.

Кеш соңында көрермендерге Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына орай өткізілген «Арқаның ақиығы – Ақан сері» атты жастардың республикалық айтысы жарияланған «Жер шоқтығы» журналы табыс етілді.

Жастар жылының ашылуына арналған форум

Құрылған күні: 2019.01.23 15:01:08

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің білім алушылары мен оқытушылары 23 қаңтарда «ЭКСПО-2017» көрме орталығының «Нұр Әлем» павильонында өткен «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінің  тікелей көрсетілімін тамашалады. Президенттің қатысуымен өткен форум колледж білім алушыларының қызығушылығын туғызды. Олар БАҚ жарияланымдарын күтпей-ақ, өздеріне маңызды ақпараттарды жазып алды. Білім, ғылым, әлеуметтік, тұрғын-үй, отбасылық және т.б. салаларда жастарды қолдау олар үшін маңызды. Осындай жаһандық іс-шаралар жастардың әрі қарай дамуына серпін береді.

ҚР Президенті атынан өткізілген шырша мерекесі

Құрылған күні: 2018.12.25 20:58:50

Жаңа 2019 жылдың қарсаңында 24 желтоқсан күні Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі театрландырылған бағдарламамен Ақмола облысында ұйымдастырылған Президент шыршасын өткізуге өз үлесін қосты, бағдарламаның бас режиссері – колледжіміздің оқытушысы Галина Леонидовна Кочетова. Облыс әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалиннің қатысуымен өткен мерекеге Ақмола облысының барлық аймақтарынан балалар жиналды.

Балалар мен қонақтарды аниматорлармен бірге «Ит» (өткен жылдың символы) және «Доңыз» (келер жылдың символы) қарсы алды, сонымен қатар «Аяз Атаның поштасы» және «Көңілді клоундар» тақырыптық театрландырылған картинкалар ұйымдастырылды, Аяз Ата костюмдеріндегі ағашаяқтылар, бойлық мүсіндегі ертегі кейіпкерлері таң қалдырып, көңілді ойындар өткізді. Гномдар (Аяз Атаның көмекшілері) мерекелік сыйлықтарды жайғастырып, Аяз атаның қапшығын жинап, келген хаттарды оқып шыққан сияқты мереке алды жұмыстарын жүргізді.

Мереке жаңа жылдық ынта қосып, әр қонақты билеуге шақырған 50 Аяз Ата мен Ақшақардың орындауындағы жаңа жылдық флеш-мобпен басталды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экраннан балдырғандарға ең жарқын құттықтау сөздерін жолдады.

Ақмола облысының әкімі Мәлік Кеңесбайұлы Мырзалин құттықтап, әр балаға Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан жаңа жылдық сертификаттар мен сыйлықтар табыстады.

Аяз Ата және Ақшақармен бірге мерекеге келген түрлі мультфильм кейіпкерлері: Барбоскина, Олаф, Алдар Көсе, Клоундар, Лемур, Гномдар, Ит, Доңыз, Шляпник, Бармоглот келіп, өз ойындарымен көрермендер көңілінде өшпес әсер қалдырса, қызыл ханшайым мен оның нөкерлері жағымсыз кейіпкер болды. Театрландырылған қойылымның декорациясы мен костюмдері ерекше назар аударуға тұрарлық: зәулім көлемдегі кесек-қалқандар, жарқыраған костюмдер сиқырлық атмосфераны қалыптастырды. Шырша айналасындағы дәстүрлі дөңгелек би, әкіммен ескерткіш суретке түсу, би ойындары, сабын көбіктерінің шоуы, Аяз Атаға айтылатын тақпақтар, концерттік нөмірлер, костюмдер байқауы мен ойындар театрландырылған қойылымды толықтырып, нағыз ертегіге айналдырды.

Гуманитарлық және кітапханалық пәндер ПК-да онкүндіктің өтуі туралы ақпарат

Құрылған күні: 2018.12.14 14:14:42

Гуманитарлық және кітапханалық пәндер декадасы колледжішілік жоспарға сәйкес 2018 жылдың 4 желтоқсаны мен 14 желтоқсаны аралығында өткізілді. Декада шеңберінде өткізілген іс-шаралар төмендегідей міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:

– Уақыт талабына сай оқытушының кәсіби құзыреттілігін үздіксіз дамыту;

– Гуманитарлық цикл пәндері бойынша сабақ және сабақтан тыс іс-әрекет интеграциясын пайдалану;

– Білім алушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасау; Оқытушылардың озық тәжірибесін тарату, әдістемелік әзірлемелер жүйесін құру;

– Білім алушылардың ғылыми-зерттеу және жобалық қызметін дамыту;  – Білам алушылардың  тілін дамыту бойынша жұмысты жүйелеу.

10 күн бойы білім алушылар мен оқытушылар тіл және әдебиет, педагогика, психология, тарих пәндері бойынша қызықты,  танымдық саяхаттардың куәгері және белсенді қатысушылары болды. Айта кету керек, қарқынды ырғақта өткен декада ашық сабақтар мен түрлі іс-шаралар, байқаулар мен жарыстарға толы болды.

Ашық сабақтар келесі оқу пәндері бойынша өткізілді: Г.Тілеуғабылова 1 КД  білім алушылармен “XX ғасырдағы Жапония» деген тақырыптағы ашық сабағында   танымдық-кіріктірілген әдісті қолданып, географиямен,мәдениеттанумен, экономикамен пәнаралық байланысты пайдаланды.Оқытушы сабақта Жапония туралы илюстративті материалды, тірек схемалар мен кестелерді әдістемелік тұрғыдан дұрыс пайдаланды және білім алушылар ХХ ғасырдағы Жапония өмірі туралы сахналық көрініс  көрсетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Ибрайханова 1 КД тобының білім алушылармен “Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы” тақырыбында ашық сабаққ өткізді. Сабақта Қазақстан тарихымен, музыкамен пәнаралық байланыс болды. Иллюстративті материалды қолданып, тіл дамуының әр түрлі әдістері мен тәсілдерін пайдаланды: білім алушылар Абайдың қара сөздері мен өлеңдерін жатқа оқыды, суреттер мен слайдты қолдана отырып жаңа сабақ түсіндірілді. Сонымен қатар, сабақта Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы кітап көрмесі ұсынылды.

“Дүние жүзі  тарихы” пәнінен “Екінші дүниежүзілік соғыс” деген тақырыпта  1 ОМП білім алушылармен ашық сабақ өтті.  Жас оқытушы Е. Голиковаға бұл сабақ педагогикалық қызметте дебют болды. Сабақ барысында Гитлер мен Сталин туралы көрініс көрсетіліп, ойын элементтері қолданылды, білім алушылар соғыс жылдарындағы халықтың ұлы ерліктері мен соғыс салдары туралы айтты.

Оқытушы А.Жанұзақова декада аясында “Белорусь әдебиеті” тақырыбы бойынша 2 КБ  білім алушылармен ТМД елдерінің әдебиетінен ашық сабақ өткізді. Сабақтабілім алушылардың танымдық және ойлау қызметін белсендірудің әртүрлі әдістерін қолдана отырып, әдістемелік тұрғыда дұрыс өтті: білім алушылар ел, рәміздер туралы шағын хабарламалар, сондай-ақ бейнефильмдер мен түрлі слайдтар дайындады.

Ашық сабақтармен қатар ПК декадасы аясында келесі ашық іс-шаралар өтті: ҚР Тәуелсіздік күніне арналған брей-ринг ойыны өткізілді. Ойынға 5 адамнан тұратын “Независимые” атты 1ОМП командасы және “Еленовцы”атты 1 ПХ  тобының командасы қатысты. Әр топ ұран мен визиткамен шықты. Ойын екі кезеңде өтті. Екі команда да теңұпайжинады. 11 желтоқсан күні гуманитарлықжәнекітапханалықпәндеронкүндігіаясындаағылшынтіліоқытушысы С.Водевачбірінші курс студенттеріарасында«MymotherlandisKazakhstan»тақырыбыбойыншапрезентацияларбайқауынөткізді. Презентациялардааталғантақырыпбойыншаәртүрліқызметсалаларықамтылды. Оқушыларқызықтыматериалдардайындап, пәнбойыншажақсыбілімдерінкөрсетті.

11 желтоқсан күн “Өзіңді таны” тренингін педагогика және психология пәнінің оқытушысы Г.Есенбекова өткізді:” Бір-бірін танимыз”,”Цветопись”,  “Тұлға құрылымы”,”Менің досым”, “Жоқ, жауап бере аламын”. Әр студент өзінің көңіл-күйін және айналасындағыларға деген қарым-қатынасын анықтап, өзінің ішкі әлемін ашып, өз қызығушылықтары, көзқарастары, әуестіктері туралы айтып берді. Студенттер топ пен ұжым туралы, дұрыс шешім қабылдау туралы өз пікірлерін айтты. Жеке тұлғаның жеке қасиеттерінің қалыптасуын талқылады. Білім алушылар өздерін жеке тұлға ретінде таныды және ашты. Өз құндылықтарын танып, өз даралығын және құрдастарымен ұқсастығын тапты. Әркім өзі үшін өзінің таным мен өзін-өзі қалыптастырудағы өз жолын анықтауға, мақсат етіп, оны жүзеге асыру үшін күш-жігер жұмсауға қабілетті деген қорытынды жасады.

Колледж кітапханасында барлық оқырмандар үшін онкүндік бойы “Тарих. Тағылым. Тәелсіздік” деген атпен Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне арналғанкөрме өткізілді.  ПК декадасы шеңберіндегі барлық ашық сабақтар мен іс-шаралар оқытудың заманауи интерактивті әдістерін қолдана отырып өтті, бұл білім берудің заманауи талаптарына сәйкес келеді және оқытушылардың кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – тұғырым» атты концерт

Құрылған күні: 2018.12.13 22:04:51

Жоғары мәдениет колледжінің мәжіліс залында Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік концерт өтті, колледж директоры К. Г. Идрисова жиналғандарды келе жатқан мерекемен құттықтап, Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктері туралы әңгімеледі.  Демалыстану пәндері оқытушысы Ж.С.Кусаинованың жетекшілігімен  ТҰЖ тобының білім алушылары белсене қатысқан терең патриоттық іс-шара қазақтың ұлттық билері, халық аспаптарының дыбысталуы және т. б. концерттік нөмірлерге толы болды. Тарихи тақырыптағы қойылымдар Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы негізгі кезеңдерін ашып, көрсетілген бейнероликтер қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы көпғасырлық күресінің алғышарттары мен қорытындыларын көрсетті. Іс-шараның салтанатты финалы арқылы заманауи Қазақстанның Тәуелсіздігінің  27 жылдағы жетістіктері көрсетілді. Концерт бойы көрермендер тарихқа еніп, тамаша концерттік номерлерден ләззат алды.

Мельпомена – 2018

Құрылған күні: 2018.12.11 15:19:20

7-9 желтоқсан күндері Көкшетау қаласының Ақмола облыстық орыс драма театрында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Мельпомена – 2018: әлемдік мәдениет жолында» деген атпен балалар мен жастар театры ұжымдарының республикалық сайысы өтті. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттері бұл сайысқа белсенді қатысты. «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, театрландырылған көпшілік қойылымдарының режиссері», «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» біліктілігінің білім алушылары жоғары деңгейде өнер көрсетіп, колледж қоржынын төмендегідей жетістіктермен толықтырды:
Бас жүлде – А. П. Чехов пьесасының желісі бойынша «Үш апалы-сіңілілер» қойылымы үшін 3 ОМП тобы (оқытушы Т. Х. Валиев);
«Үздік режиссерлік шешім» дипломы – А. П. Чехов пьесасының желісі бойынша «Үш апалы-сіңілі» қойылымы үшін 3ОМП тобы (оқытушы Т. Х. Валиев);
«Үздік ер адам рөлі үшін» номинациясы бойынша диплом – Егорин Анатолий, 3 ОМП;
«Үздік әйел адам рөлі үшін» дипломы – Радаева Юлия, 3 ОМП;
«Көшбасшы» төсбелгілері – Санников Константин, Воронько Анна, Айсамутдинов Владимир, 3 ОМП;
4 ТҰЖ тобы Л. Бернстайнның «Вестсай тарихы» (оқытушы Ж. Кусаинова) қойылымы үшін «Ерекше жетістіктері, жоғары көрсеткіштері және белсенді қатысқаны үшін» дипломымен марапатталып, жүлделі ІІІ орынға ие болды.
«Екінші жоспардағы ең үздік ер адам рөлі үшін» номинациясымен 4 ТҰЖ тобының білім алушысы Махамбетияр Жәнібек марапаттады.
Колледж сіздердің жеңістеріңізді мақтан етеді және алдағы уақытта шығармашылық табыстар мен толағай жеңістер тілейді!

Тұлғаның тарихтағы рөлі

Құрылған күні: 2018.12.02 23:19:47

30 қараша күні Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы Ювеналды полиция бөлімі және ҚҚ “Право” коворкинг-орталығы ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған Көкшетау қаласының колледж студенттері арасында интеллектуалды брейн-ринг өткізді. Іс-шараға 6 колледжден 6 команда қатысты. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен “Көк таудың балалары» деген команда қатысып жүлделі 2-ші орынға ие болды. Оның құрамына 1 ПХ, 1 ОМП, 2 ОМП тобында оқитын білім алушылар қатысты. Балаларды жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта табыс тілейміз.

Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік шара өтті

Құрылған күні: 2018.11.30 20:39:09

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің акт залында «Елі сүйген Елбасы» деген атпен  мерекелік шара болып өтті. Г.Л.Кочетованың жетекшілігімен 2 ОМП сырттай бөлім студенттерінің ұйымдастыруымен өткен іс-шарада Елбасының қарапайым металлургтен басталған еңбек жолы мен ел басқарудағы сындарлы саясаты бейнеролик арқылы көрсетілді.

Тағылымды шара соңы студенттердің патриоттық тақырыптағы әндер шырқап, бишілердің мың бұралған биімен жалғасын тапты.

Бөлісу