jjjjjjjjjjj

«Театрлық көктем» атты театрлық шығармашылық байқауына қатысушыларды құттықтаймыз!!!

Құрылған күні: 2018.04.19 18:47:50

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттері 2018 жылдың 12-13 сәуірінде РФ, Қорған қаласында өткен «Театрлық көктем» атты аймақтық театрлық шығармашылық байқауына қатысты. Студенттердің байқауға дайындаған режиссерлік жұмысы – Даниил Хармстың «2+2=1» аттракцион-спектаклі.

Колледж білім алушылары театрлық шеберлікті дамытуға қосқан үлесі, кәсіби шеберлігі мен  таусылмас шығармашыл қуаты үшін «Әдеби спектакль» атты 1-ші дәрежелі лауреат Дипломымен марапатталды.Ақан сері атындағы мәдениет колледжі студентерінің жетекшісі Байдракова Дамира Маратқызы және қатысушылар А. Бектурганова, Д.Завадский, Э.Сердалина, Д. Шагатова, А.Кубашев, А.Женисова, Д.Едильбай, алдағы уақытта да шығармашылық белестерді бағындырыңыздар!!!

Шақыру

Құрылған күні: 2018.04.10 01:23:48

Құрметті Көкшетау қаласы тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді Ақмола облысы білім басқармасы және  Ақан сері атындағы мәдениет колледжі “Арқаның ақиығы – Ақан сері” атты республикалық жас ақындар айтысына шақырады.

«Отбасы әркімге керек»

Құрылған күні: 2018.04.10 01:16:12

«Жас ұрпақтың өмірі мен айналасындағы адамдар үшін жауапкершілігін қалай арттыруға болады? Отбасылық құндылықтарды сақтауға бағытталған әдеттерді қалыптастыру үшін не қажет?» – осы өзекті мәселелерге күнделікті жұмыста Қазақстан халқы Ассамблеясының  Ақмола облысының филиалындағы басты «анасы» Зере Киікованың басшылығымен Аналар кеңесі жауап табуға тырысуда.

Бұл жолы Зере Еспайқызы Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің студенттерін («Драма театр актеры», «Театр ұжымының жетекшісі») Көкшетау қалалық қоғамдық келісім сарайына «Жазығым не менің, мама?» қойылымын көрсетуге шақырды. Жоғарыда аталған оқу орнының «Актерлік шеберлік» пәнінің оқытушысы, Ш. Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Маржан Букешованың айтуы бойынша Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының белгілі режиссері, актері, оқытушысы, доценті Тасболат Омаров оңтүстік астанадан арнайы қойылымға шақырылды. Қойылымға шынайы оқиғалар, деректі фактілер негіз болды.

Қойылым Көкшетау қаласының білім беру мекемелерінің оқушылары – жас көрермендерді  бей-жай қалдырмады. Болашақ актерлер тастанды және туылмаған балалардың сезімін, олардың психикалық азаптарын толығымен шебер жеткізе алды. Кейбіреулер оларды құрсақта алып тастап, кейбіреулерін перзентханада тастап кеткен. Әр түрлі себептермен өз балаларынан бас тартқан аналар өз әрекеттерін түсіндірмек болады…

Қойылым сәтті өтті. Көрермендер әртістерге ұзақ қошемет көрсетті. Көрермендердің кейбірі көздеріне еріксіз жас алды. Осы күні дарынды өнерді тамашалаған оқушылар тұрақты отбасылық құндылықтарды, рухани байлық пен адами қасиеттерді бағалайтынына сенгіміз келеді.

«Үздік оқырман топ»

Құрылған күні: 2018.04.10 01:09:25

04.04.2018 ж. Ақан сері атындағы мəдениет колледжінде «Үздік оқырман топ» конкурсы өтті.

Кітап барлық заманда өмірдің рухани байлығы, асыл қазынасы. Ұлы тұлғалардың бәрі де ұлылыққа кітап оқу арқылы жеткен. Білімнің негізі кітапта. Кітап оқымай өмірді білу де, білім алу да мүмкін емес. Ақан сері атындағы мәдениет колледжі білім алушылардың білімді болуына өз үлесін белсенді қосуда.

Ақмола облысының Білім басқармасы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген тапсырмаларды іске асыру және «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Кітап – білім бұлағы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 12 наурыз – 5 сәуір аралығында облыстың барлық колледждері арасында «Оқырман колледж» конкурсын жариялады.

Бұл конкурстың басты мақсаты – облыс бойынша ең үздік оқырман колледжді анықтау және білім алушыларды кітап оқуға ынталандырып, қызығушылығын арттыру.

Колледж кітапханашылары Хажымұратова Айман Елеукенқызы және Нұрлыбекқызы Назерке осы конкурстың аясында 3 курс топтарының арасында «Үздік оқырман топ» конкурсын сәуірдің 4-і күні ұйымдастырып, мағыналы да қызықты өткізді. Сайысқа барлығы 6 топ қатысып өз білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Барлық топтар сайыстың бірінші кезеңінде тест сұрақтарына дұрыс жауап беріп ұпай жинастырды. «Топтың сүйікті кітабы» атты екінші кезеңде топтар сүйікті үзінділерін сахналап, өздерінің шығармашылық ерекшелігін көрсете алғандары үшін көрермендердің қошеметіне бөленді. Конкурстың келесі кезеңінде топтар ең үздік оқырман топ ретінде бейнелерін фото баннер арқылы өздерінің кітапқа деген сүйіспеншілігін насихаттап, сайыстың соңында өлең мен би арқылы көрермендерді кітапты оқуға шақырды.

Әділ қазылар алқасының шешімімен «Театр ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша білім алушылар 1 орынды жеңіп алды. 2 орынға «Драма театр әртісі» тобы қол жеткізіп, «Көпшілік шаралар ұйымдастырушы» мамандығының тобы 3 орынды иеленді. Барлық қатысқан топтар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Біз жеңімпаз топ облыс деңгейінде де жеңіске жететіне үміттеніп, оларға ақ жол тілейміз.

«Қазақстанның су ресурстары. Суды тұтыну мәселесі» тақырыбындағы дебат

Құрылған күні: 2018.04.04 15:33:16

2018 жылғы 3 сәуірде Ақан сері атындағы мәдениет колледжінде гуманитарлық  және кітапханалық пәндер ПК оқытушыларының ұйымдастыруымен «Қазақстанның су ресурстары. Суды тұтыну мәселесі» тақырыбында дебат өтті.

Эксперт ретінде «Кокшетауминводы» АҚ ғылым жөніндегі директоры Пятов Евгений Александрович,  «Казгеодезия» РҚК «Солтүстік геодезия» филиалының геоақпараттық жүйелер инженері Купеев Саят  Рыспайұлы, Көкшетау техникалық институтының төтенше жағдайларда қорғау кафедрасының профессоры  Жаулыбаев Асан Аблайұлы, «НПО Зиятқор» ҚБ төрағасы   Ибраев Бауыржан Қайыркенұлы және  жастар ресурстық орталығының өкілдері Шаркун  Анастасия мен Андросова Ксения шақырылды.  Дебатқа «Энергия» және  «Болашақ қайнары» екі студенттік командалары қатысты.

Дебат барысында Қазақстан Республикасында су нысандарын қорғау және су проблемаларын реттеу жолдары мәселелері қозғалды.

Іс-шара қорытындысы бойынша су ресурстары мен тұщы суды сақтауды әрі қарай насихаттау үшін осындай кездесулерді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің директоры Құралай Ғазизқызы Ыдырысованың «Біз алдымен берік бірлік, тиянақты білім және жанкешті еңбек арқылы ғана биіктерге қол жеткіземіз» атты мақаласы.

Құрылған күні: 2018.04.04 09:42:52

Бұл мақалада колледж директоры Құралай Ғазизқызы ұзақ жылдар бойы білім беру саласында бай тәжірибесі қалыптасқан, бүгінгі заманның сұранысына толық жауап беретін заманауи материалды-техникалық базасы нығайған колледжде төрт мамандық бойынша оқу үрдісінде ІТ технологияларды жіті пайдалана отырып, мамандар даярланатынын атап өтті.

Айтыс “Арқаның ақиығы – Ақан сері”

Құрылған күні: 2018.04.04 09:34:19

30.03.2018 ж. Ақан сері атындағы мəдениет колледжінің ұйымдастыруымен Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына орай “Арқаның ақиығы – Ақан сері” атты облыстық іріктеу айтысы өтті. Бұл айтыс 20 сәуірде «Достар» мəдениет сарайында өтетін жастардың республикалық айтысына қатынасатын ақындарды сараптау мақсатында ұйымдастырылды.  Сəтін салса сəуір айында республикамыздың түпкір-түпкірінен келетін 17-25 жас арасындағы аузымен құс тістеген ақындардың дүбірлі додасы өтеді. Осы айтысқа жолдама алған Мұхаммед Қонқай, Таңнұр Əлбосын, Ақынбай Сəрсенби, Нұрислам Əбділ  сияқты ақындарды құттықтаймыз. Іріктеу айтысында іркілмей ірі айтыс жасаған Нұртуған Серікұлына, Ажар   Қайырбекқызына, Жансая Қайымханға, Абзал Жұмабекке, Думан Саматұлына ерекше алғыс білдіреміз.

 

Айтысқа төрелік еткен Байқал Байəділ, Қуаныш Оспан,  Мерген Тоқсанбайлар қара қылды қақ жарды.

Айтысты жүргізу тізгінін қолға алған Абзал Балтабайдың да еңбегі зор.

Сонымен,  құрметті Көкшетаулықтар, айтыс сүйер барша ағайын,  бəріңізді 20-шы сəуір күні «Достар»  мəдениет сарайында өтетін жастардың республикалық жастар айтысына шақырамыз.

Шақыру

Құрылған күні: 2018.03.28 18:09:59

Колледж білім алушылары мен мектеп оқушыларын әйгілі ақын, композитор Ақан серінің 175 жылдығына арналған іс-шараға қатысуға шақырамыз.

 

«Наурыз аруы»

Құрылған күні: 2018.03.24 08:52:54

19.03.2018 ж. Көкшетау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Ұлыстың ұлы күні  Наурыз мейрамына  орай  ұйымдастырған «Наурыз аруы» атты қалалық байқауына  «Педагог-мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері» біліктілігінің 3-курс білім алушысы Жагслаг Гүлғайша  және 1 курс білім алушысы Алтынай Бектасова қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Жагслаг Гүлғайша 3-ші орынға, Алтынай Бектасова «Дарынды ару»  номинациясына ие болды.

Құттықтаймыз!!!

Наурыз нақыштары

Құрылған күні: 2018.03.24 08:44:34

19.03.2018 ж. Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің «Интерьер дизайны» біліктілігінің 4 курс білім алушысы Төлеген Алишер Ақмола облысы мәдениет басқармасы жанындағы Әдебиет және өнер мұражайымен  Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған  «Наурыз нақыштары»  атты студенттер арасында өткен жас суретшілер байқауында 1 орынға ие болды. Құттықтаймыз!!!

Бөлісу