jjjjjjjjjjj

«Заманауи сабақ – тұлғаны дамыту сабағы» атты әдістемелік фестиваль

Құрылған күні: 2023.04.05 13:06:21

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде  жалпы білім беретін пәндер мен арнайы пәндер оқытушыларының  арасында әдістемелік фестиваль өтті.

Колледжішілік фестивальдің негізгі мақсаты – сабақтарды ұйымдастыру мен өткізудің дәстүрлі және инновациялық формалары мен әдістерін жетілдіру бойынша оқытушылардың  жұмысын жандандыру, оқытушының білім беру қызметінің негізгі түрі – сабақ арқылы өзінің кәсіби жетістіктерін көрсетуі.

Қатысушылар үшін келесі  номинацияларды таңдау құқығы ұсынылды: «Шеберлік сыныбы», «Жасаушы», «Ғажап». Сараптамалық топ құрамында колледж әкімшілігі, педагог-шеберлер, педагог-зерттеушілер болды.

Бұл байқауға дизайн пәндерінің,  музыкалық пәндердің, гуманитарлық пәндердің оқытушылары белсенді қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

«Шеберлік сыныбы» номинациясы бойынша – дизайн пәндерінің  оқытушысы Хавдыразах Құлжазира және музыкалық  пәндер  оқытушысы  Омарова Патима Абибуллаевна;

«Жасаушы» номинациясы бойынша  – Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Тілеуғабылова Гүлзина Төлекқызы және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Садвакасова Лилия Абитханқызы;

«Ғажап»номинациясы бойынша  –  жас педагог,  биология пәнінің оқытушысы  – Танатарова Балнұр Алмасханқызы.

Оқытушыларымызды  құттықтаймыз және шығармашылық шабыт тілейміз!

 

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жарқын» халықтық би ансамблі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен, Қазақ ұлттық хореография академиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен VI Республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ биі байқауына барып, бақ сынап қайтты

Құрылған күні: 2023.04.03 12:59:34

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің «Жарқын» халықтық би ансамблі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің қолдауымен, Қазақ ұлттық хореография академиясының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен VI Республикалық Шара Жиенқұлова атындағы қазақ биі байқауына барып, бақ сынап қайтты. Астана балет театрының сахнасында біздің қыздар кәсіби мамандармен бірге иық тіресе өнер көрсетіп, мол тәжрибе жинап қайтты. Аталмыш байқауда жақында ғана Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының грантын жеңіп алған 4 курс студенті Амирбеков Рустем Шара Жиенқұлованың шәкірті Гайникамал Нығыметжанқызының арнайы сыйлығымен марапатталды. Батыр майданда шынығады деген аталы сөз бар ғой, студенттерімізге әр байқау үлкен мектеп, асқақ арман және жаңа мақсаттарға жол ашады. Өнерпаз жастарымызға тек жеңіс тілейміз!

 

Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы

Құрылған күні: 2023.03.31 15:23:51
  1. Көпшілік талқылауды өткізу күні: 2023 жылғы 1 наурыздан – 30 наурыз аралығында.
  2. Көпшілік талқылауды өткізу әдісі: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК https://vkkas.edu.kz/ru/ сайтында.

сайтында ақпаратты орналастыру.

  1. Көпшілік талқылау қатысушыларының ұсыныстары және (немесе) ескертулер тізімі: көпшілік талқылау бойынша өткізілген іс-шаралар нәтижесінде қатысушылардың ұсыныстары және (немесе) ескертулері Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚКна, сондай-ақ ресми интернет-ресурсында келіп түспеді.

 

№ р/р Ұсыныстар және (немесе) ескертулер енгізілген ұйым атауы, жеке тұлғаның аты-жөні Көпшілік талқылау аясында келіп түскен ұсыныстар және (немесе) ескертулердің қысқаша мазмұны Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәлімет Ұсыныстар және (немесе) ескертулерді қабылдау не қабылдамау бойынша негіздер Ескерту
1 2 3 4 5 6

«ҚАЗАҚТАНУ» және «ЕЛ БІРЛІГІ» ҚХА жобалары аясындағы «СӘНДІ СӘУКЕЛЕ МЕН КИЕЛІ КИМЕШЕК»

Құрылған күні: 2023.03.20 15:38:16

Жаңа жылда, жақсы жаңалық.Қуанышпен бөліссең көбеиеді деп ырым ететін елмізғой, құтты мереке әз-Наурыздың қарсаңында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің дизайн пәндері оқытушысы Күлжазира Хавдыразах 20.03.2023 ж. «ҚАЗАҚТАНУ» және «ЕЛ БІРЛІГІ» ҚХА жобалары аясындағы «СӘНДІ СӘУКЕЛЕ МЕН КИЕЛІ КИМЕШЕК» шеберлер мен әуесқойлардың облыстық байқауына қатысып Бас жүлдеге ие болды. Оқу орынымызда осындай кәсіби мамандар жұмыс жасап, жастарды баулып жатқанына қуаныштымыз. Ұжым атынан Күлжазира Хавдыразах ханымды шын жүректен Құттықтаймыз!

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі ұжымы атынан баршаңызды әз-Науырыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрылған күні: 2023.03.18 16:28:11

Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық сүйікті мерекесіне айналды. Көктемнің осы бір шағында табиғат қана түлеп қоймай, қоғамның ынтымағы мен бірлігін, бейбітшілігі мен түсіністігін нығайтатын адам баласының да жан-дүниесі жаңғыра түседі.

Наурыз – бұл тек көктемнің ғана емес, бұл ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні жер бетіндегі қанды соғыстар, дау-жанжалдар тоқтатылып, адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп, татуласып, табыса білген. Халқымыз мол дастарқанын жайып, ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, өткен-кеткеннен сыр тартып, барша адам баласына жақсылық, аманшылық тілеп, жастарға ақ баталарын берген. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі жыл сайын төл мерекемізді жоғары деңгейде қарсы алуды әдетке айналдырған. Ұлттық өнер мен ұлттық ойындарды жаңғырта отырып науырыз көжеден дәм татым бір тұтас отбасындай биылғы жылыда жыл мерекесін қарсы алдық. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі ұжымы атынан баршаңызды әз-Науырыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Біздің киіз үй халыққа арналды

Құрылған күні: 2023.03.21 15:20:53

Ақмола облысының білім басқармасының Абылай хан алаңына әз-Наурыз мейрамына орай тіккен қазақ үйінде Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі ұмыт болып бара жатқан “Ұрын келу” мен “Бесікке салу” дәстүрін көрсетті. Ағыл тегіл келген адамдар қарасының көп болғаны соншалық , театрландырылған көріністерімізді көпшіліктің сұрауы бойынша 10 шақты рет қайталап көрсетіп, елдің ақ батасына бөлендік. Арнайы тігілген киіз үйге облыс әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықбаев мырза да мейман болып келіп, жастардың өнерін тамашалап, қала халқымен суретке түсіп ізгі тілегін арнады.
Міне күн мен түннің теңелуімен қатар қасиетті рамазан айы келе жатыр. Барша жерлестерімізді Самарқанның көк тасы еріген көктем мерекесімен құттықтаймыз, бейбітшілік заман болып тәуелсіздік таңы арайлап ата берсін.

“Көрісу күні” құтты болсын!

Құрылған күні: 2023.03.14 19:49:01

“Көрісу күні” құтты болсын!

Ағайнның амандығын, елдің есендігін, төңіректің татулығын бірінші орынға қойған Қазақ халқы қашанда береке мен бірлікке дәнекер болған. Сөзіміздің бір дәлелі соңғы жылдары аталып өтіп жүрген “Көрісу күні”.

Ықылымнан аталарымыз атының тұяғын шалдырып, көшіп-қонып күн кешсе де күн жылынып, нәр өзек наурыз келген шақта аяққы ел өрдегісін, етектегі ел төрдегісін іздеп амандық-саулық сұрап көрісе барған екен. Дәл осы үрдістің жалғасы ретінде барша қазақ жұртынан есендік сұраймыз?!. Кәрі құтан қыстан шыққан ағайынға саулық тілейміз! Жер аяғын кеңіткен көктемнің шуақты әр күні көңілдеріңізге сәуле, бойларыңызға нәр құйсын! “Көрісу күні” құтты болсын! Есендікте-саулықта, қуаныш пен шаттықта жолыға берейік!

Құрметпен: Құралай Ғазизқызы
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі

«Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту білім сапасын арттыру факторы ретінде»

Құрылған күні: 2023.03.03 21:38:52

2023 жылғы 02 ақпанда «Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК жанындағы «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің базасында «Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту білім сапасын арттыру факторы ретінде» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумның мақсаты: білім алушылардың білім сапасын арттыру бойынша педагогтар жұмысының неғұрлым тиімді компоненттерін анықтау,  Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделеу, педагогтарды білім алушылардың білім сапасын арттыру бойынша белсенді жұмысқа ынталандыру.

Семинар барысында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры және ОӘБ төрайымы  Қ. Ғ. Идрисова, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі директорының орынбасарлары  Г.А.Кадралиева, Р.Б.Баткульдина, К.Р.Хасамбай сөз сөйледі.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті. «Әлеуметтік-мәдени қызмет» бағытындағы арнайы пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы  Ю. В. Крылова «Әлеуметтік – мәдени сала мамандарын даярлау мәселелері бойынша колледждің жұмыс берушілермен әріптестік қатынастарын орнату және дамыту» тақырыбында сөз сөйледі. А.К.Жантурина «Мәдени – демалыс бағдарламаларын дайындау мен ұйымдастыруда IT – технологияларды қолдану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Семинарға қатысушылар ТжКББ ұйымдарында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әлеуметтік-мәдени сала мамандарын даярлаудың ағымдағы сұрақтары мен мәселелерін талқылады.

Семинар соңында ұсыныстар қабылданып, сертификаттар табысталды.

 

 

«Заманауи сабақты әзірлеу және өткізудегі шығармашылық тәсілдер»

Құрылған күні: 2023.02.24 10:52:03

2.02.2023 ж. жұмыс жоспарына сәйкес онлайн форматта «Заманауи сабақты әзірлеу және өткізудегі  шығармашылық тәсілдер» тақырыбы бойынша шығармашылық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің кезекті отырысы өтті.

Мақсаты: оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру, оқыту сапасының оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және жалпы педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамыту.

Семинарға Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің, Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыка колледжінің, Степногорск қаласының жоғары колледжінің, Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің әдіскерлері мен шығармашылық мамандықтарының оқытушылары қатысты.

Семинар қатысушыларына Ақмола облысы білім басқармасының  Оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері Қаракөз Мұқышқызы Жаманбаева құттықтау сөз сөйледі.  Ол семинар тақырыбының өзектілігін атап өтіп, барлық қатысушыларға жемісті жұмыс тіледі.

Семинарда келесі колледждердің оқытушылары студенттермен жұмыстағы  тәжірибесімен бөлісті:

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі

  • Никитенко Вера Васильевна  «Музыкалық сауат» пәнін оқытудың заманауи шығармашылық тәсілі –«Минордың үш түрі» ақырыбында;
  • Нурмышева Нургуль Байтлеуовна «Музыкалық білім беру арқылы талғамы биік, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеудегі қолданылатын педагогикалық оқыту принциптері мен шарттары» тақырыбында;
  • Хавдыразах Кулжазира  «Киім композициясы» пәнін оқытуда заманауи технологияларды қолдану» тақырыбында.

Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі

  • Бузина Людмила Константиновна «Фортепиано сабағында шығармашылық тұлғаны дамытудың өзекті әдістері»  тақырыбында.

Красный Яр с. Агротехникалық колледжі

  • Алшинбаева Гульнара  Естаевна «Өндірістік оқыту сабақтарында тұлғаға бағытталған оқытуды қолдану» тақырыбында.

Келесі оқытушылар инновациялық технологияларды қолдана отырып, өз қызметінің түрлері бойынша әртүрлі қызықты материалдармен сөз сөйледі:

БакубаеваДилбарТанзиповна  «Музыка әдебиеті сабақтарында қолданылатын ойын-сауық тәсілдері» тақырыбында,  Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі

Ембергенова Гульназ Аманбаевна  «Дауысты қою сабағында студенттердің шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру» тақырыбында, Щучинск қаласы, Жоғары педагогикалық колледжі

Кызыр Ануар Кенжебекулы «Өндірістік оқытудың заманауи сабағын дайындау кезіндегі білім беру үрдісіне қатысушылардың тиімді өзара іс-қимылы» тақырыбында, Степногорск қаласының  жоғары колледжі.

Семинар соңында заманауи сабақтың өзекті мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

“Танцевальные мосты дружбы”

Құрылған күні: 2023.03.01 12:41:24

Город Челябинск, Российская Федерация. Город Кокшетау, Республика Казахстан.  Международный творческий проект “Танцевальные мосты дружбы”, 2023 год.

Бөлісу