2023 жылғы 02 ақпанда «Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК жанындағы «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестігінің базасында «Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту білім сапасын арттыру факторы ретінде» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Семинар-практикумның мақсаты: білім алушылардың білім сапасын арттыру бойынша педагогтар жұмысының неғұрлым тиімді компоненттерін анықтау,  Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің арнайы пәндер оқытушыларының жұмыс тәжірибесін зерделеу, педагогтарды білім алушылардың білім сапасын арттыру бойынша белсенді жұмысқа ынталандыру.

Семинар барысында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры және ОӘБ төрайымы  Қ. Ғ. Идрисова, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі директорының орынбасарлары  Г.А.Кадралиева, Р.Б.Баткульдина, К.Р.Хасамбай сөз сөйледі.

Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті. «Әлеуметтік-мәдени қызмет» бағытындағы арнайы пәндердің циклдік әдістемелік комиссиясының төрайымы  Ю. В. Крылова «Әлеуметтік – мәдени сала мамандарын даярлау мәселелері бойынша колледждің жұмыс берушілермен әріптестік қатынастарын орнату және дамыту» тақырыбында сөз сөйледі. А.К.Жантурина «Мәдени – демалыс бағдарламаларын дайындау мен ұйымдастыруда IT – технологияларды қолдану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Семинарға қатысушылар ТжКББ ұйымдарында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында әлеуметтік-мәдени сала мамандарын даярлаудың ағымдағы сұрақтары мен мәселелерін талқылады.

Семинар соңында ұсыныстар қабылданып, сертификаттар табысталды.

 

 

Бөлісу