«Творить и созидать» деген атпен облыстық филармония ғимаратында Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің оқытушылары мен студенттерінің есеп беру концерті өтті. Колледждің барлық мамандықтарының студенттері өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Олар: хореографтар, режиссерлар, драма театры әртістері, музыканттар, дизайнерлер, кітапханашылар. Концерттің қоюшы режиссері – сахна шеберлігі негіздері мен режиссураның тәжірибелі оқытушысы Галина Кочетова. Өзінің бітіруші курсымен бірге, яғни болашақ көпшілік театрландырылған қойылымдардың режиссерлары қалың көрерменге ерекше бағдарлама ұсынды.

Көрермендер би ұжымдарының орындауындағы билерді ерекше ықыласпен қарсы алды. Олар: «Самоцветы» ансамбльінің «Камаринская» деп аталатын орыс биі, «Авар биі» (жетекшісі білім беру ісінің үздігі, жоғары санатты балетмейстер-педагог А.Погорелый), «Жарқын» би ансамбльінің «Шабыт берген жетіген», «Жастар биі» (жетекшісі колледждің бітіруші түлегі Л.Саду). «Жарқын» ансамбльінің құрылуына ерекше еңбек сіңірген, кәсіби шебер, жоғары санатты балетмейстер-педагог Г.Ордабаеваның еңбегін ерекше атап өту орынды. Сондай-

страдалық биінің жетекшісі А.Ефименконың қойған «Стиляги» биі жастармен қатар үлкен буынның да көңілінен шыға білді.

Колледж директоры Құралай Ғазизқызы Идрисованың басқаруымен оқытушылар мен студенттер үнемі шығармашылық шеберлік пен ізденіс үстінде. Осы мақсатта өз ісінің үздіктері және кәсіби мамандармен, атап айтқанда ҚазҰӨУ-нің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Кульбекова Айгүл Кеңесқызымен, өнер және мәдениет қайраткері, әлемдік деңгейдегі балетмейстер-педагог, Дағыстан Республикасы Махачкала қаласындағы мәдениет колледжінің оқытушысы Гаджи Иманалиевпен шығармашылық байланыс орнатуда. Осы педагогтардың шеберліктерінің арқасында колледж студенттері «Авар» және «Жастар биін» орындап шықты.

Концертте көп жанрлы музыкалық номерлер көпшілікке жол тартты. Атап айтар болсақ, өнер қайраткері Тұрлығожа Базаровтың жетекшілік етуімен қазақ халық аспаптар оркестрі, Ербол Базаровтың жетекшілігімен фольклорлық ансамбль, Дмитрий Бронниковтың басқаруымен «Амигос» аспаптық эстрадалық ансамбль, колледж оқытушылары Алла Павлиди мен Назгүл Тілеубаеваның жетекшілік етуімен вокалды дуэт, трио, квартеттер орындалды. М.Минковтың «Не отрекаются любя» деп аталатын әнін колледж студенті Андрей Коршунов терең тебіреніспен орындады.

Сондай-ақ Маржан Бөкешованың жетекшілігімен «Махаббат» деп аталатын қойылымды драма театры әртісі мамандығының студенттері орындап шықты. Қазақтың ұлттық киімдерінің дефилесін дизайн пәні оқытушылары Гүлжазира Хавдыразах, Қымбат Құсайынова, Маржангүл Тукеева, Гүлбаршын Сейітовалардың жетекшілігімен колледж студенттері көрсетті. Концерттің кіріспесі мен қорытынды бөлімінің хореографиялық қойылымын педагог-хореограф Рафаэль Хамидов дайындап, қалың көпшілікке тарту етті.

Концерттің негізгі лейтмотиві «Барлығы махаббаттан басталады» деген негізде өтті. Шығармашылық жетістіктердің қорытынды бөлімі Астана қаласының 20 жылдығына арналды.

Бөлісу