Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қ., Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК-нің «Jaña öris» құзыреттілік орталығы 3W02120101 – «Көркем-дизайнерлік жұмыстарды орындаушы» 3W02120102 «Интерьер декораторы (интерьер дизайнері)» және  3W02120201-«Техникалық және көркемдік эскиздерді орындаушы» 3W02120202- «Киім және аксессуарлар декораторы (киім дизайнері)» біліктіліктері бойынша кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау курстарын өткізеді.

Курстың ұзақтығы 1 ай. Өндірістік қажеттілік кезінде біліктілікті арттыру мерзімдері тараптардың келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

Біліктілікті арттыру курстары күндізгі нысанда қашықтықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы жүзеге асырылады. «Jaña öris» құзыреттілік орталығы сіздің қажеттіліктеріңізге сәйкес оқу бағдарламаларын жасау мүмкіндігіне ие.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға біліктілігін арттыру туралы құжат (сертификат) беріледі.

Біліктілікті арттыруды ұйымдастырылған түрде дайындау және өткізу мақсатында сіздерден алдын ала өтінім берулеріңізді сұраймыз. Курсқа қабылдау үшін тыңдаушылар келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

  • өтінім;
  • тыңдаушының жеке куәлігі (көшірмесі)
  • шарт 2 данада;
  • оқу ақысы туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі.

Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі өзара тиімді ынтымақтастыққа үміт білдіреді.

 

Барлық сұрақтар бойынша: Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК хабарласуға болады.

Телефон: 87162329186

Эл.пошта: kkas@aqmoedu.kz

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140.

Бөлісу