2019 жылғы 2 қыркүйекте жоғары мәдениет колледжі өз студенттеріне есігін айқара ашты. Колледж директоры К. Г. Идрисова өзінің ізгі тілектерін арнап,  директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Р. Б. Баткульдина бірінші курс студенттерін қабылдау туралы бұйрықты оқып берген алғашқы жиынға барлық курс студенттері жиналды. Жиыннан кейін барлық студенттер үшін адалдық сағаты өтті. Топтың әрбір жетекшісі студенттерге пайдалы ақпарат дайындады және сабақтар талқылаумен, пікірталастармен, сахналық көріністермен, плакаттарды жасаумен және т.б. қызықты өтті,  онда білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімнің жоғары деңгейін көрсетті.

Бөлісу