9 қазан күні Арқаның кербез сұлу Көкшетауындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері және оқытушылары Елдорданың «Жастар» театрымен кездесу өткізді. Театр және кино актері, театр режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұлттық «Сахнагер» театр сыйлығының лауреаты Даурен Сергазин, актерлер Бекжан Керімбаев, Ербол Тілеукенов және «Үміт» сыйлығының,  «Астана дарыны -2017» марапатының иегері Мейірғат Амангельдинді колледжіміздің алдынан күтіп алып, Ақан сері Қорамсаұлының мүсініне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Әрі қарай театр актерлерін жаңа оқу жылында ашылған колледжіміздің жаңа ғимаратымен таныстырып  өттік. Кездесу барысында еркін форматта өткен сұхбаттасумен қатар,  актерлер колледжіміздің «Театр ұжымының жетекшісі» және «Драма театрының әртісі» тобының студенттерімен шеберлік сыныбын өткізді.

Кездесу соңында колледж директоры  Идрисова Құралай Ғазизқызы мен ақын, драматург, философия ғылымдарының кандидаты Ерболат Баятұлы келген қонақтарға алғыстарын білдірді.

Бөлісу