СҮЙІНШІ ХАБАР!!! Ақан сері  атындағы жоғары мәдениет колледжінің үздік болуға лайық екенін айшықтайтын тағы  да бір жетістік! Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы мектеп-интернат, колледжінің  ұйымдастыруымен өткізілген Қазақстан Республикасы Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде Қаз ССР Халық суретшісі, Қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушысы Әбілхан Қастеевке арналған V Халықаралық өнер колледждері арасындағы жас суретшілердің  «ART – Самғау – 2021» қашықтық фестиваль-байқауының нәтижесі бойынша, колледж студенті  Гелманов Рахат қазылар алқасының арнайы жүлдесі номинациясына ие болса (жетекшісі Ибраев Ержан Амангелдіұлы), Қабен Нұрсұлтан «Туған өлке» картинасы үшін 3-орынға ие болып, Ильясова Аягөз дипломмен марапатталды (жетекшісі Мамбетова Ұлболсын Сағындыққызы). Ұйымдастырушылар колледжіміздің директоры Идрисова Құралай Ғазизқызына алғысын және ізгі тілектерін білдірді.

Толағай жетістіктеріміз көп болғай.

Бөлісу