Жақында өткен мәдениет және өнер қызыметкерлері күніне орай, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі дәстүрлі түрде өткізіп кележатқан “Дидар” актерлық және режиссерлық шеберлік бағытындағы театр байқауын өткіздік. Тартысты байқау өтті. Әр қойылым өз деңгейін де биік, өзінше қызықты болды. Конкурстың ашылу салтанаты колледжіміздің мәжіліс залында өтті. Байқауға әділ қазылық жасаған Қ.Р Мәдениет қайраткері актриса Кусайнова Жанар Сатыбалдықызы және Рыбакова Галина Алексеевна аға оқытушы, ал әділ қазылар Алқасының төреағасы мемлекеттік Дарын жастар төс белгісінің иегері, Ақмола облыстық орыс драма театрының директорының орынбасары Асхат Заутбекұлы төрелік етті. Байқаудың шымылдығын колледжіміздің 4 курс студенті Комис Олжастың режиссерлігімен қойылған “Адамға қанша жер керек” (Лев Толстой) қойылымы ашты, аталмыш қойылым театр өнерін шын түсінетін көрерменнің көңілінен шықты, келесі қойылым Орыс драма театрының сахнасында Қарағанда қаласының Тәттімбет атындағы колледжінің студенттерінің әкелген “Әйел Махаббаты” (М. Мағауин) қойылымы да көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, Степногорск қаласынан келген “Образ” студенттік ұжымы да “Сегіз әйел”, ” Красная шапочка” ертегісін сахналады бұл қойылымдар да өз жастарына лайық көрерменді баурай білді, колледжіміздің “EL jastar” театры Тасболат Омаровтың “Махаббат аллеясы” музыкалық драмасын өте әсерлі ойнап, керемет ойын үлгісін көрсетті. “Театр Көбейсе, түрме азаяды” деп ұлы ойтыл Шерхан атамыз айтқандай, студенттердің театрға деген махаббатын көріп, бойларындағы талантын тамашалап ертеңгі театр өнеріне нық сеніммен қарадық. Байқау қортындысы бойынша, жүлделі екінші орын Степногорск қаласы, жүлделі бірінші орын Қарағанды қаласы ал бас жүлдені “EL jastar” театры жеңіп алды. Үздік балалар қойылымы аталымын “Красная шапочка”, үздік режиссерлік жұмыс аталымын Комис Олжас жеңіп алды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар, сертификаттар мен медальдар таратылды. Барлық қатысушылар өнер алмасып, жаңа дос тауып қимай тарасты. Барлық қатысушылар мен көрермендерімізге театр ұжымы атынан зор алғыс білдіреміз. Мәдениетіміз, жастарымыз лайым тек биіктерден көрінгей.

Бөлісу