2023 жылғы 1 ақпанда  Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің көпсалалы колледжінің базасында  «Білім беру сапасын басқару құралы ретінде заманауи технологиялар» тақырыбында колледждердің жетекші педагогтарының – жалпы білім беретін және арнайы пәндер оқытушыларының,  «Үздік педагог» атағы иегерлерінің,  түрлі байқаулардың  жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің семинар-практикумын өтті.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы М. М. Сейфуллаева  және дизайн пәндерінің оқытушысы,   педагог-шебер, түрлі байқаулардағы   жүлделі орындардың иегері  Ұ.С.Мамбетова қатысты.

Ұлболсын Сағындыққызы  «Кәсіптік білім  беруде  дизайн мамандығының білім алушыларына  кескіндеме арқылы эстетикалық  және  ұлттық  тәрбие  беру маңыздылығы»  тақырыбында  көрме-сабақ өткізді. Соңғы жылдары оның жетекшілігімен жасалған суреттер көрсетіліп, студенттермен жұмыс әдістемесі жан-жақты  қарастырылды.

Семинар соңында өз тәжірибесін таратқаны үшін, әдістемелік шеберлігінің жоғары деңгейі үшін сертификаттар табысталды.

Бөлісу