Сәуір айының 19 күні Ақмола облысы білім басқармасы мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің ұйымдастыруымен жерлес ақын, әнші, сазгер Ақан сері Қорамсаұлының 175 жылдығына орай «Ұлттық өнердің өткен кезеңі мен заманауи болашағы» атты республикалық колледж және мектеп оқушылары арасында ғылыми жұмыстар байқауы өтті. Ғылыми байқау «Ақан сері – ақын, әнші, композитор», «Сал, серілердің өнер дәстүрі», «Қазак, орыс және әлем әдебиеті», «Қоғамдық ғылымдар», «Нақты ғылымдар», «Өнертану» деп аталатын 6 секция бойынша жұмыс жасады. Республиканың әр өңірінен келген 57 үміткердің жұмыстарына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің оқытушылары, Ақмола облысы тарихи-өлкетану мұражайының бөлім меңгерушісі төрелік жасады. Байқау соңында әр секция бойынша үздік деп танылған жұмыстарға арнайы орындар беріліп, басқа қатысушылар алғысхатпен марапатталды.

Бөлісу