2018 жылғы 22 қазанда Жоғары мәдениет колледжінің өмірінде маңызды оқиғалардың бірі – Студентікке қабылдау өтті.

«Достар» МС  салтанаттың ең талантты және сәнді кейіпкерлері – 1-курс білім  алушылары, сонымен қатар оқытушылар, ата-аналар, аталған іс-шараны ұйымдастырған жоғары курс білім алушылары  жиналған креативті, заманауи  «METGALA-2018» концерті өтті.

БП тобының  әсерлі билері,  ТҰЖ тобының КВН командасының жарқыраған әзілдері, ДТА және КҚҰ топтары  білім алушыларының қайталанбас театралдық шағын қойылымдары, колледждің вокалдық ұжымдарының музыкалық номерлары, сонымен қатар шеберлікпен монтаждалған бейнеклиптер мен шоу-бағдарлама нағыз сәнді кештің атмосферсын туғызды.

Осы сәттен бастап Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің үлкен отбасына мүше болатын 1-курс білім алушыларына сынақ кітапшалары мен студенттік билеттер ұсынылып, олардың ант берулері іс-шараның кульминациялық сәті болды.

4 ККҰ және 4 ДТА топтары білім алушыларымен бірге концерттік бағдарламаны дайындаған режисерлер – білім алушылар Рязанова Светлананың, Дмитрий Завадскийдің, Ақтілек Болатбекұлының жұмысының арқасында «METGALA-2018» заманауи және сәнді бағдарлама ретінде көрермендердің есінде көпке дейін сақталады.

Бөлісу