2021 жылғы  20 қаңтарда  Ақан сері атындағы атындағы жоғары мәдениет колледжінде, Атбасар және Бурабай аудандарының мектептерімен  «Өнер – менің болашағым»  ұранымен zoom – конференциясы  өтті.   Конференция барысында  қатысушылар колледжбен және оның жетістіктерімен танысып, колледжде оқытылатын мамандықтар туралы білді, қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Конференцияға «Бурабай ауданы білім бөлімінің  Досов атындағы орта мектебі» ММ,  «Атбасар ауданы білім бөлімінің Бейсхазрет негізгі мектебі»  КММ,  «Бурабай ауданы білім бөлімінің Веденовка орта мектебі» ММ мұғалімдері  мен болашақ түлектері қатысты.

Бөлісу