Екі айдың ішінде педагогтердің озық педагогикалық тәжірибесін жинақтау бойынша байқаудың облыстық кезеңі өтті.
Бұл байқаудың негізгі мақсаты – облыстық педагогикалық тәжірибе деректер банкін құру және заманауи білім беруді дамыту үрдісін қамтамасыз ететін тәсілдер негізінде озық педагогикалық тәжірибені енгізу.
Облыстың барлық 18 колледжінен 34 жұмыс келіп түсті, оның ішінде сараптама комиссиясы республикалық деңгейде 4 жұмыс, облыстық деңгейде -22 жұмыс таратуға ұсынды.
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінен байқауға дизайн пәндері оқытушысы Мамбетова Ұлболсын Сағындыққызы қатысып, облыстық деңгейде педагогикалық тәжірибені жинақтау бойынша сертификат иегері атанды және облыстық озық педагогтар Банкінің тізіміне енгізілді.
Ұлболсын Сағындыққызын құттықтаймыз және шығармашылық жетістіктер тілейміз!