2023 жылғы 9-10 ақпанда Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры, «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бейіні бойынша республикалық ОӘБ төрайымы К.Г.Идрисова, директордың ОӘБ бойынша орынбасары А. Е. Ақтаева, арнайы пәндер оқытушысы Г. А. Рыбакова  Павлодар облысы Ақсу қаласының «Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК базасында ұйымдастырылған «Кредиттік-модульдік және дуальды оқыту жүйесі форматында болашақ әлеуметтік-мәдени сала мамандарының кәсіби қасиеттерін жетілдіру» тақырыбында өңірлік семинарға қатысты.

Семинарға Павлодар облысы білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының «Өнер және гуманитарлық ғылымдар»  бейінінің ТжКБ ұйымдарының өкілдері қатысты.

Семинардың мақсаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнын жаңарту аясында тәжірибе алмасу болды.

Семинар барысында К. Г.Идрисова  «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың өзекті мәселелері» тақырыбында сөз сөйледі.

Бағдарламаға сәйкес «Әлеуметтік-мәдени қызмет (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша дуальды оқытуды, «Халық көркем шығармашылығы (түрлері бойынша)» мамандығының білім беру бағдарламасын инновациялық дамыту тетігі ретінде WorldSkills қозғалысын іске асыру мәселелері де қамтылды.

Колледжге экскурсиядан кейін оқытушылар  мәдениет және өнер сегментінің мамандарын даярлаудың өзекті мәселелері бойынша пікірлермен, идеялармен және  ұсыныстармен алмасты.

Семинардың екінші күні арнайы пәндер оқытушыларымен «Мәдени-демалыс іс-шарасының хореографиялық шешімі», «Мәдени-демалыс бағдарламаларын дайындау мен ұйымдастыруда  IТ технологияларды қолдану», «Бос уақыттың музыкалық формалары» тақырыптарында  шеберлік сыныптарын өткізілді. Іс-шараның аяқталуы «Мәдениет бөлімі: кеше, бүгін, ертең…»  фотокөрмесін, бейнефильмді, «Колледж жұлдыздарды жағады» мерекелік бағдарламасын тамашалаумен атап өтілді.

Бұл семинар пайдалы әрі тиімді болды, өйткені озық педагогикалық тәжірибе алмасу мен  білім беруді жаңартудың өзекті мәселелерін талқылау, әсіресе өнер және мәдениет саласында қажет. Сондай-ақ, басқа өңірлердегі әріптестердің қалай жұмыс істейтінін көру, салыстыру, жаңасын алу, білім беру қызметінің туындайтын мәселелерінде тәжірибе мен табысты шешімдермен бөлісу өте маңызды.

 

 

Бөлісу