Қазіргі тез құбылмалы әлемде өмірдің барлық салаларында өзгерістер болып тұрады. Елімізде болып жатқан фундаменталдық өзгерістер білім беру жүйесін де айналып өткен жоқ. Білім берудің жаңа мақсаттары мен құндылықтары пайда болып, үзіліссіз білім беруге, оқыту технологиясын әзірлеу мен пайдаланудың жаңа тәсілдеріне көшу қажеттілігі туды.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі оқытудың озық инновациондық әдістерін энтузиазммен меңгеріп, оқу үдерісіне енгізу арқылы заман талабына сай қадам басуда. Үзіліссіз білім беру мен біліктілікті арттыру курстары арқылы педагогикалық шеберлікті үнемі жетілдіру заманауи білім жүйесінің басты өлшемдерінің бірі болып табылады.

Жоғары мәдениет колледжінің 27 оқытушысы 2018 жылғы 27 мамырдан бастап 29 маусымға дейін «Кәсіпқор» КЕАҚ ұйымдастыруымен өзекті білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын өтуде.

Біліктілікті арттыру курстарының басты мақсаты тәжірибелік білімді, іскерлік пен дағдыны, ТжКБ бағдарламаларын іске асыру бойынша педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту болып табылады.

Колледждің педагогикалық қызметкерлері Байманова Б.С., Баткульдина Р.Б., Кажмуратова А.К., Казиева Х.К., Байдракова Д.М. «Модульдік-құзыреттілік негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында, оқытушылар Актаева А.Е., Кусаинова К.М., Тукеева М.А., Никитенко В.В., Есенбекова Г.А. «ТжКБ ұйымдарында кредитті-модульдік оқыту технологиясын енгізудің ерекшеліктері» тақырыбында, педагогикалық қызметкерлер Кадралиева Г.А., Хамзина Б.Т., Молдабаева Ж.Ж., Бабаева Д.Ж., Хамидов Р.Г., Калиева А.К., Нурмышева Н.Б, Умбетова А.Ж., Абдрахманова Б.Б. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өтті.

Қазіргі уақытта педагогтар Иванова Л.П., Дюсекеев К.Т. және Байленова Б.Е. «CLIL әдістемесі: арнай пәндерді ағылшын тілінде оқыту процесінде пәндік-тілдік кіріктірілген оқыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарын өтуде.

Фахрутдинова Н.М., Зайцева И.В., Ефименко А.В., Бронников Д.В., Рыбакова Г.А., Тукеева М.А., Сапабек Б.Н. сияқты оқытушыларымыздың күз айында біліктілікті арттыру курстарын өтуі жоспарланып отыр.

Бөлісу