2023 жылғы 16 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында «Шығармашылық пәндерін оқытудың жаңа тәсілдері, әдістері мен нысандары» тақырыбы бойынша шығармашылық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің бірінші отырысы өтті.

Семинарға Көкшетау қ., Щучинск қ., Есіл қ., Степногорск қ. колледждерінің оқытушылары қатысты.

Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты: Оқытушылардың педагогикалық шеберлік деңгейін, олардың шығармашылық бағыттағы пәндерді оқыту саласындағы эрудициясы мен құзыреттілігін жетілдіру; педагогикалық тәжірибемен алмасу.

Семинарға қатысушыларды Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ТжКБ ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Жаманбаева Каракөз Мұқышқызы  құттықтады.   Ол семинар тақырыбының өзектілігін атап өтіп, барлық қатысушыларға шығармашылық жұмыс тіледі.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің әдіскері,  педагогика ғылымдарының кандидаты  Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы өз сөзінде заманауи білім берудің инновациялық аспектілеріне, білім беру үрдісін  ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, инновациялық ойлаудың,  инновациялық  қызметтің даму ерекшеліктеріне назар аударды.

Семинарда келесі колледждердің оқытушылары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:

«Есіл қаласы,  агротехникалық колледжі» МКҚК

Полтавец Елена Леонидовна, тақырыбы: «Сабақтан тыс жұмыстар оқу-тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде» ;

Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық  колледжі

Ефремова Надежда Александровна, «Фортепианода ойнауды оқытудың бастапқы кезеңінде музыкалық ақпаратты практикалық игерудің инновациялық технологиялары»;

Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық  колледжі

Никитенко Юлия Александровна, тақырыбы: «Сынып шеберлігі  «Заманауи музыкалық білім беру жүйесіндегі интеграцияланған сабақтар» ;

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі

Касымбаева Гаухар Абаевна, тақырыбы: «Көркемдік-эстетикалық даму» білім беру саласын іске асыру шеңберінде бірегей инновациялық білім беру технологияларын игеру»;

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіДулатова Жансулу Мейрамбековна, тақырыбы: «Оқытудың ойын нысандарының теориялық аспектілері»;Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі

Мыцык Мария Андреевна, тақырыбы: «Интерьер дизайны» мамандығының мысалында шығармашылық пәндерді  оқыту сапасын арттыру үшін Action Research практикалық зерттеуін қолдану».

Семинар барысында ынтымақтастық, шығармашылық атмосфера орнады.

Барлық оқытушылардың баяндамалары мазмұнды, практикалық бағытта болды.

Семинар соңында шығармашылық  пәндерін оқыту әдістері мен нысандары бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Бөлісу