2020 жылдың 23 қарашасында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде дәстүрлі мереке – студенттер қатарына қабылдау ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өткізілді. Іс-шараның ресми бөлімін колледж директоры Идрисова Қ.Ғ. жаңадан қабылданған білім алушыларды оқуда үздік әрі шығармашылық табыс тілеп құттықтады.

Жоғары курс білім алушылары 1 курс студенттерін көңілді онлайн – презентацияларымен қарсы алды. Бірінші курс студенттері өз тараптарынан жарқын, есте қаларлық шығармашылық нөмірлерін дайындап ұсынды.

Топ жетекшілері 1 курс білім алушыларына құттықтау сөздерін жолдап, Студенттік билеттер салтанатты түрде табыс етілді.

Аталмыш іс-шараның соңында 1 курс білім алушылары студенттік антты қабылдап, колледжіміздің Әнұранын орындады.

Бөлісу