2022 жылдың 18-20 сәуір аралығында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі «WorldSkills Aqmola-2022» аймақтық чемпионаты өтетін  жұмыс алаңына айналады. Жарыс бес құзыреттілік бойынша өтеді: Флористика, Сән технологиясы, Хореографиялық ұжымның жетекшісі, Әлеуметтік-мәдени қызмет, Сәнді киім және аксессуарлар дизайны.  Чемпионатқа  Ақмола облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 20 студенті қатысады. Үш конкурстық күн ішінде   Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжі, Щучинск қаласының жоғары  орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі, Атбасар қаласының аграрлық – индустриялық колледжі, Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжі, Степногорск қаласының жоғары колледжі, Красный Яр ауылының агротехникалық колледжі, Шағалалы ауылының  жоғары агротехникалық колледжі, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің колледжішілік жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері өз дағдыларын көрсетеді.

Бірінші конкурстық күн  ашылу салтанатынан басталды. Сахнаға осы чемпионатқа қатысушы барлық колледждердің  қатысушылары мен компатриот – сарапшылары шақырылды. Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің әдіскері А.А.Нұрмұханбетова құттықтау сөз сөйледі. Ашылу салтанаты Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі студенттерінің концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Жыл сайын өтетін  «WorldSkills Aqmola-2022»  аймақтық чемпионаты Ақмола облысының дарынды жастарына, таңдалған құзыреттілігі бойынша қол жеткізілген кәсіби шеберлік деңгейлерін көрсетуге мүмкіндік береді. Өңірлік чемпионатта  құзыреттіліктердің саны жылдан жылға артып келе жатқаны қуантады. Өнер және мәдениет бейініндегі колледж студенттері  «Әлеуметтік-мәдени қызмет», «Сәнді киім және аксессуарл дизайны» атты жаңа құзыреттіліктер бойынша жоғары білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Барлық қатысушыларға сәттілік, табысты  жарыс тілейміз!

Бөлісу