jjjjjjjjjjj

Педагог-зерттеушілердің, колледж оқытушыларының озық педагогикалық тәжірибесін тарату бойынша семинар өткізу туралы

Құрылған күні: 2025.05.30 17:28:40

2025 жылғы 30 мамырда «Озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату жөніндегі облыстық конкурстың қорытындысын шығару туралы» Ақмола облысы білім басқармасының «әдістемелік орталығының» 11.02.2025 жылғы № 129 хаты және 13.02.2025 жылғы сараптамалық комиссия отырысының № 2 хаттамасы негізінде  Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК базасында директордың ОӘБ жөніндегі орынбасары, педагог – зерттеуші, химия және биология оқытушысы Ақтаева Ақмарал Ермекқызының  және демалыстану  пәндерінің оқытушысы, педагог – зерттеуші Бронников Дмитрий Влалимировичтің педагогикалық тәжірибесін тарату бойынша облыстық семинар өткізілді.

Бұл іс-шараның негізгі міндеті-педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуын қамтамасыз ету үшін инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату.  А. Е. Ақтаева  «Оқу – әдістемелік бірлестік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіндегі тиімділік факторы ретінде» тақырыбы бойынша, оқытушы Д.В Бронников. – «Шығармашылық пәндерді оқытуда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану : on-line – ден off-line-ге дейін» тақырыбы бойынша жалпылаудан өтті. Оқытушылардың баяндамаларында жеке тақырыптардың теориялық және практикалық аспектілері қарастырылды.

Семинар жұмысына директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, директордың ОӘБ жөніндегі орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары, Щучинск қаласы, Жоғары  педагогикалық колледжінің, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм  колледжінің, Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжінің, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің және  Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің жас педагогтары қатысты. Семинар жұмысына директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, директордың ОӘБ жөніндегі орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары, Щучинск қаласы, Жоғары  педагогикалық колледжінің, Щучинск қаласы, Жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм  колледжінің, Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжінің, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің және  Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің жас педагогтары қатысты.

Педагогикалық тәжірибенің инновациялық аспектілерін тарату бойынша ұжымдардың одан әрі жұмыс жүйесі бойынша педагогикалық тәжірибемен алмасу және практикалық қызметте элементтерді пайдалану туралы, бейіндік тақырыптар бойынша оқытушылардың одан әрі бірлескен жұмысы жөнінде  тілектер айтылды.

III  заседание МО преподавателей творческого направления колледжей Акмолинской области

Құрылған күні: 2025.05.16 19:04:48

16 мая  2025 года  на базе Высшего колледжа культуры им. Акана серэ г. Кокшетау состоялось III  заседание МО преподавателей творческого направления колледжей Акмолинской области.  Организатором семинара выступил «Методический центр» управления образования Акмолинской области. Семинар был посвящен актуальной теме — роли портфолио в профессиональном развитии педагога . Цель семинара: Повысить профессиональную компетентность педагогов через осмысление возможностей портфолио как эффективного инструмента комплексной оценки и саморазвития , направленного на формирование ключевых профессиональных компетенций.

В ходе семинара педагоги поделились своим собственным опытом по использованию портфолио в своей образовательной деятельности, подчеркнули свои подходы к оформлению и ведению портфолио, а также отметили его значимость как инструмента самоанализа, профессионального роста и повышения качества образовательного процесса.

В работе семинара принимали участие преподаватели колледжей Акмолинской области:

Өтепбай Досай Жұмаханұлы, преподаватель  специальных дисциплин кафедры информатики , педагог-модератор, магистр педагогических наук, из Высшего  казахского педагогического колледжа  имени Ж. Мусина, г. Кокшетау;

Хижняк Александр Дмитриевич, преподаватель специальных дисциплин из Высшего технического колледжа г.Кокшетау, педагог-эскперт, эксперт-компатриот WSK;

Тюлебаева Оксана Сергеевна, преподаватель истории и географии из  Строительно-технологического колледжа г.Кокшетау, призер областного конкурса «Үздік- педагогикалық эссе», призер  республиканской олимпиады «Педагогический старт»;

ведущие преподаватели спец.дисциплин  из Высшего  колледжа культуры имени Акана серэ, г. Кокшетау:  Бозжигитова Жанна Туруспековна, Тулеубаева Эльмира Дулатовна, Рыбакова  Галина  Алексеевна.

Модератор семинара-Ильясова С.И., председатель МО творческого направления.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрылған күні: 2025.05.12 17:29:07

Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжі» МКҚК
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ағымдағы жылдың 1 маусымы мен 1 шілдесі аралығындағы кезеңде кезеңде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен шарттарын анықтау және зерделеу мақсатында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарлануда
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамында Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатыса алады.
Талдауға қатысу мәселелері бойынша Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғарғы мәдениет колледжі» МКҚК заңгері Айман Булатқызы Сыздыковаға келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8(716)32-91-86, қатысуға өтінімдер 2025 жылғы 12-16 мамыр аралығында қабылданады.

Іс-шаралар жоспары халықты ақпараттандыру бойынша

Құрылған күні: 2025.01.08 12:02:59

Ақмола облысы білім басқармасының  жанындағы

 «Көкшетау қаласы,  Ақан сері атындағы

 жоғары мәдениет колледж»  МКҚК

 директорының 2025 жылғы 08  қаңтардағы

 №2/1 бұйрығымен бекітілген

 

 

2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы халықты ақпараттандыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

План мероприятий

По информированию населения о порядке и возможности получения государственных услуг на 2025год.

Іс-шараның атауы Орындау мерзімі Жауапты орындаушылар
1 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есепті тікелей эфирде өткізу 2025 ж. наурыз Сыздыкова А.Б.
2 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде халықты хабардар ету 2025 ж. сәуір Кажмуратова А.К.
3 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге орналастыру 2025 ж. сәуір Сыздыкова А.Б.
4 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде халықты хабардар ету 2025 ж. мамыр Абилова А.С.
5 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге орналастыру 2025 ж. мамыр Сыздыкова А.Б.
6 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде халықты хабардар ету 2025 ж. маусым Кажмуратова А.К.
7 «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге орналастыру 2025 ж. маусым Сыздыкова А.Б.
8 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде халықты хабардар ету 2025 ж. қыркүйек Керейбаева С.Г.
9 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге орналастыру 2025 ж. қыркүйек Сыздыкова А.Б.
10 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде халықты хабардар ету 2025 ж. қыркүйек Керейбаева С.Г.
11 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге орналастыру 2025 ж. қыркүйек Сыздыкова А.Б.
12 «Техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде халықты хабардар ету 2025 ж. қазан Темирова А.Б.
13 «Техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі орта білімнен кейінгі бiлiм туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге орналастыру 2025 ж. қазан Сыздыкова А.Б.
14 «Білім туралы құжаттардағы  мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы әлеуметтік желілерде тікелей эфирде халықты хабардар ету 2025 ж. қараша Темирова А.Б.
15 «Білім туралы құжаттардағы  мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызмет көрсетуді алу тәртібі мен мүмкіндігі туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге орналастыру 2025 ж. қараша Сыздыкова А.Б.

 

 

Отчёт о деятельности по вопросам оказания государственных услуг за 2024 год

Құрылған күні: 2025.03.26 17:47:03

ГККП «Высший колледж культуры им. Акана Серэ», город Кокшетау, под управлением Управления образования Акмолинской области.

  1. В 2024 году колледж культуры предоставил 9 государственных услуг. Всего оказано государственных услуг — 388, все услуги предоставляются бесплатно; Через Государственную корпорацию «Правительство для граждан» оказано 12 услуга; Количество государственных услуг, предоставленных в бумажной форме — 48 Через портал электронного правительства оказано — 19 услуг; Через информационные системы услугодателя — 190 услуг.

Наибольшим спросом пользуются следующие государственные услуги:

  1. «Выдача дубликатов документов о техническом и профессиональном, послесреднем образовании»;
  2. «Предоставление общежития обучающимся в организациях технического и профессионального, послесреднего образования»;
  3. «Предоставление бесплатного питания отдельным категориям граждан, а также лицам, находящимся под опекой (попечительством) и патронатом, обучающимся и воспитанникам организаций технического и профессионального, послесреднего и высшего образования».
  4. Работа с получателями услуг
  5. Информация об источниках и местах доступа к данным о порядке предоставления государственных услуг:
    Для обеспечения доступности государственных услуг информация о порядке их оказания размещена на официальном сайте ГККП «Высший колледж культуры им. Акана Серэ, город Кокшетау» — https://vkkas.edu.kz/ru/antikorruptsiya/ Также вся необходимая информация для получателей услуг размещена на информационном стенде организации, и доступна через Единый контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг по телефону 1414.
  6. Информация о публичных обсуждениях проектов подзаконных нормативных правовых актов, определяющих порядок оказания государственных услуг:
    Отчеты о деятельности государственных услуг для публичных обсуждений публикуются на официальном сайте ГККП «Высший колледж культуры им. Акана Серэ, город Кокшетау», где каждый получатель услуг может ознакомиться с отчетом и оставить свои комментарии.
  7. Мероприятия, направленные на обеспечение прозрачности процесса предоставления государственных услуг (разъяснительные работы, семинары, встречи, интервью и другие):
  8. В течение 2024 года было проведено разъяснительные мероприятия, направленные на улучшение качества предоставляемых государственных услуг. Всего охвачено населения более 3000 человек.
  9. В 2024 году на очное отделение было подано 91 заявление на обучение, на заочное – 10 через сайт SmartNation. В общежитие было заселено 104 человека. Бесплатное питание было предоставлено 227 гражданам отдельных категорий. Также один студент был оформлен на академический отпуск через сайт SmartNation, 3 студента переведены через тот же сайт, а 2 восстановлены.
  10. Наиболее востребованной услугой стала выдача дубликатов диплома ТИПО, на которую поступило 30 заявок: 12 через ЦОН, 16 через сайт Егов, 2 через SmartNation. Из всех заявок было зафиксировано 6 обоснованных отказов.

За 2024 год жалоб по предоставлению государственных услуг не поступало.

С коллективом и ответственными сотрудниками проведена разъяснительная работа по действующим нормативам законодательства и правилам предоставления государственных услуг.

 

Для повышения удовлетворенности услугополучателей качеством государственных услуг в 2025 году запланированы следующие мероприятия:

  • организация действий по улучшению качества предоставляемых госуслуг;
  • повышение информированности населения о доступных возможностях и стимулирование мотивации к получению госуслуг через портал «электронного правительства» с использованием популярных социальных сетей.

 

 

«Студенттердің танымдық қызметін белсендіру тәсілі ретінде цифрлық білім беру ресурстарының қолданылуымен сабақтың дәстүрлі емес нысандары»

Құрылған күні: 2025.02.26 20:59:43

2025 жылғы 26 ақпанда Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында Ақмола облысы білім басқармасының «әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен Ақмола облысы колледждерінің шығармашылық бағыттағы оқытушыларының ІІ отырысы өтті.

Тақырыбы: «Студенттердің танымдық қызметін белсендіру тәсілі ретінде цифрлық білім беру ресурстарының қолданылуымен сабақтың дәстүрлі емес нысандары»

Семинардың мақсаты: Шығармашылық пәндердің дәстүрлі емес сабақтарын ұйымдастыру үшін цифрлық білім беру ресурстарын (ЦБР) қолдану саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

Семинар жұмысына арнайы пәндер оқытушылары қатысты: Магзумова Г. Ә., Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі ; Алаш А. С., Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі; Титовский Д. В., Степногорск қаласының жоғары колледжі ; Досмагамбетова А. К., Шаполаева А. М.,   Мухаева З. С. Байдракова Д. М.-Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі. Семинар модераторы:  И.С.,  шығармашылық бағыттағы ӘБ төрайымы.

 

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары! Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК 2025 жылғы 1-30 наурыз аралығында ресми интернет-ресурста 2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есепті жария талқылау жүргізілетінін хабарлайды

Құрылған күні: 2025.02.05 16:30:15

КОНКУРСНЫЕ ЗАДАНИЕ Регионального чемпионата Worldskills Aqmola-2025

Құрылған күні: 2024.11.27 16:25:37

Тіркелген файлдар:

2024 жылғы 28 қарашада Көкшетау қ. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында Ақмола облысы колледждерінің шығармашылық бағыттағы оқытушылары ӘБ І отырысы өтті.

Құрылған күні: 2024.11.28 16:59:47

Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы ұйымдастырды.

Отырысты өткізу нысаны – семинар-практикум.

Тақырыбы: «Цифрлық білім беру ортасы оқыту сапасын арттырудың факторы ретінде».

Семинардың мақсаты: Инновациялық педагогикалық технологиялар саласындағы педагогтердің әдістемелік деңгейін жетілдіру; сабақтарда және сабақтан тыс жұмыстарда цифрлық білім беру ортасының құралдарын қолдану саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру; тәжірибе алмасу; педагогтердің цифрлық мәдениетін арттыру.

Семинарда Көкшетау қаласындағы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің шығармашылық пәндер оқытушылары білім беру үрдісіне цифрлық технологияларды енгізу мәселелерін және олардың білім беру сапасын жақсартуға әсерін талқылады.  Жетекші цифрлық білім беру платформалары, олардың мүмкіндіктері мен оқытуда қолданылуы бойынша жалпы шолуды Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, педагог – зерттеушісі Г. А. Мергунов ұсынды.  2 практикалық сабақ өткізілді.

1) «Scaffold карточкаларын қолдана отырып, цифрлық құзыреттілікті дамыту бойынша сабақты жоспарлау»,  Е. М. Журба, демалыстану пәндерінің оқытушысы. 2) «Мәдени-демалыс бағдарламаларын өткізу кезінде заманауи техникалық құралдарды қолдану» шеберлік сыныбы,  Д.В.Бронников, педагог-зерттеуші,

Колледждің жетекші оқытушылары өз тәжірибелерімен бөлісті: Б.А.Аминов, педагог-зерттеуші «Аспаптық сабақтарда компьютерлік бағдарламаларды қолдану»); Ю.А.Никитенко, , музыкатанушы-лектор «MuseScore музыкалық редакторын Композиция негіздері сабағында қолдану») ,

М.Ф.Даутова, педагог – сарапшы«Хортану сабағында LearningApps платформасын пайдалану»).   Жас және перспективті оқытушы Ә. Ж. Дүзелбай «Музыка пәндерінде интербелсенді технологиялар негізінде студенттердің іскерлік  дағдыларын дамыту жолдары» тақырыбында ойлаудың креативтілігін және шығармашылық, конструктивтілік тәсілін көрсетті.

Семинар жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

Семинардың модераторы оқытушы,  шығармашылық бағыттағы ӘБ төрайымы Сауле Ибраевна Ильясова болды.

 

Дизайн бөлімінің онкүндігі

Құрылған күні: 2024.03.07 16:36:50

2024 жылдың 26-ақпаны күні дизайн бөлімінің онкүндігі басталды.

Дизайн бөлімінің онкүндігінің алғашқы күні колледжі студенттерінің «Көктем» атты көрмесі ашылды. Көрмеге колледжіміздің киім және  интерьер дизайны мамандығы бойынша білім алатын студенттердің шығармалары қойылды.

Майлы бояумен кенепке салынған суреттер өздерінің терең мағына, мазмұнымен, асқан шеберлігімен орындалған. Туған жердің  және көрікті шетел табиғатын, әсем гүлдер көріністерін тақырып етіп алған жас шеберлер өз шығармаларымен көрермендерді баурады.

27-ақпан күні «Киім дизайны» мамандығының 4-курс білім алушыларына Хавдыразах Гүлжазира біз кесте әдісі бойынша шеберлік класс өткізді. Біз кесте – көнеден мұра  болып  келе жатқан өнердің бір түрі. Осындай атадан қалған асыл құндылықтарымызды дәріптеп, өнер сүйгіш  жастарымызға үйрету мақсатында өткізілген шеберлік классы  өте мазмұнды, қызықты өтті. Оқытушы қазіргі таңда Ақмола облысының өлкетану музейіне және тағыда басқа біз кесте әдісінде өзі орындаған бұйымдарымен бөлісе отырып, білім алушылардың көне әдіске деген қызығушылықтарын артыра түсті.

28-ақпан күні Құсаинова Қымбат Мұқанқызы 3-2 ИД тобында «Интерьер композициясы» бойынша «Интерьер – әрекет ортасы, қабылдау ортасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқытушы сабақтың негізгі кезеңінде жобалар мен ойындар әдісін үйлесімді түрде біріктірді.

Сабақта студенттер интерьерді кеңістіктік орта, адам мекендейтін экожүйе ретінде қарастырды. Интерьер типологиясын талдау студенттердің қабылдау дағдылары арқылы жүргізілді. Студенттер талдау жасады, фактілерді салыстырды, жаңа материалдармен танысты.

 

29-ақпан күні Ибраев Ержан Амангелдіұлы «Адамның бас сүйегі» тақырыбында академиялық сурет бойынша 2-ИД тобымен ашық сабақ өткізді.

Сабақтың негізгі кезеңінде бастың сүйек құрылымына ауызша анатомиялық талдау жүргізілді, физиология мен анатомияға байланысты өмірден мысалдар келтірілді. Оқытушы тақырыпты түсіндірген кезде интерактивті панельдегі сындарлы құрылысты айқын көрсетті және студенттердің назарын құрылымның ерекшеліктеріне аударды. Аудиториямен кері байланыс қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы көрініс тапты. Сабақ өте жоғары деңгейде өтті.

29-ақпан күні өндірістік оқыту шебері – Мухаева Зайра Серікқызы  «Киім дизайны» мамандығының 3-курс білім алушыларына киімді модельдеу – драпировка үлгісі бойынша шеберлік классын көрсетті.

1-наурыз күні өндірістік оқыту шебері Исрафилов Данир Надирович 3-1 ИД тобының білім алушыларына әйнекте лазерлік гравюра орындау бойынша шеберлік классын көрсетті.

Қымбат Мұқанқызының ұйымдастыруымен 4-наурыз күні шығармашылық кеңістігіміздегі жыл сайынғы «Artist talk» өтті. Оған 2 ИД тобының дизайнер-студенттері – Мұстафина Эльнара, Загороднева Светлана, Соколова Алена қатысты. Олар жарқын және есте қаларлық өнер жобаларын ұсынды, онда олардың әрқайсысының стилін дараландыру бойынша үлкен жұмыс көрінді.

Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, сурет және кескіндеме пәнінің оқытушысы Ержан Амангельдинович білім алушылар шығармашылығы жайлы сөз сөйледі.

Кездесу барысында қыздар көрермендерді орындау техникалары жайлы айтып, болашақ жоспарларымен бөлісті, өйткені олардың әрқайсысы суретші ретінде ғана емес, батыл, ерекше және жеке тұлға ретінде де қызықты.

Іс – шараға бірінші курс дизайнерлері шақырылды. Авторлар көптеген жағымды пікірлер мен тілектерді естіді. Кездесу жылы, бейресми атмосферада өтті.

5-наурыз күні 2 КД тобында «Көктемнің хош иісі» атты атласты лентадан гүлдер жасау бойынша Учкина Вероника Павловна шеберлік класс өткізді. Студенттер лентаны бояуға арналған материалдар, жапырақшаларды жасау тәсілдері және бүршіктерді жинау ерекшеліктері туралы білді. Шеберлік класс қорытындысы бойынша оқушылар өздері де атластан Орхидея бұтағын сәтті орындады.

Сонымен қатар 5-наурызы күні «Киім дизайны» мамандығының 1-курс білім алушыларымен Мәмбетова Ұлболсын Сағындыққызы кәсіби модульдің «Композицияның заңдары мен құралдарын зерттеу» оқыту нәтижесі бойынша «Метрлік және ырғақты композиция» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында білім алушылар орындаған шығармаларға композициялық талдау жасалды. Жаңа тақырып бойынша метрлік және ырғақты композицияның қарапайым үлгілерімен қатар, әр түрлі дизайн  түрлерінде қолдану мысалдары көрсетілді. Тақырыпты бекіту мақсатында білім алушылар композициялық тәсілдерге байланысты қызықты жаттығулар орындады.

5-наурыз күні «Дизайн саласындағы графикалық компьютерлік бағдарламаларды меңгеру» модулі бойынша 3-1 ИД тобымен «Кезең құрылымы» тақырыбында «Жоспарлау шешімі және оның құжаттамасы» бөлімі бойынша ашық сабақ өтті. Тукеева Маржангүл Акыжановна жоспарлау шешімінің не екенін, оның қандай тармақтардан тұратынын түсіндіріп, жоспарлау шешімінің кезеңдерін талдады. Сондай-ақ, «теңіз шайқасы» ойынының мысалында жоспарлау шешімінің негізгі принциптері зерттелді. Қорытындылай келе, алған білімдері практикалық жұмыстармен — пәтерді қайта құруға арналған техникалық тапсырмамен бекітілді.

6-наурыз күні колледж түлегі Кенжебеков Оралбек «Дизайн» мамандығының білім алушыларына «Дизайн – жоба және жеке өсу жобасы» тақырыбында шеберлік – класс өткізді.

Ол 3D модельдеуде дағдыларды дамыту, дизайнерді қазіргі заман шындығында кәсіби жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

Шеберлік-класс жанды диалог форматында өтті және тыңдаушыларға өте пайдалы болды.

Дизайн бөлімінің онкүндігі халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау көрмесімен аяқталды.

 Бөлім меңгерушісі: Мамбетова Ұлболсын Сағындыққызы

 

Бөлісу