jjjjjjjjjjj

Шығармашылық  пәндерін оқытудың жаңа тәсілдері,  әдістері мен нысандары

Құрылған күні: 2023.11.16 17:00:14

2023 жылғы 16 қарашада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің базасында «Шығармашылық пәндерін оқытудың жаңа тәсілдері, әдістері мен нысандары» тақырыбы бойынша шығармашылық бағыттағы әдістемелік бірлестіктің бірінші отырысы өтті.

Семинарға Көкшетау қ., Щучинск қ., Есіл қ., Степногорск қ. колледждерінің оқытушылары қатысты.

Семинарды Ақмола облысы білім басқармасының «Әдістемелік орталығы» ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты: Оқытушылардың педагогикалық шеберлік деңгейін, олардың шығармашылық бағыттағы пәндерді оқыту саласындағы эрудициясы мен құзыреттілігін жетілдіру; педагогикалық тәжірибемен алмасу.

Семинарға қатысушыларды Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығының ТжКБ ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Жаманбаева Каракөз Мұқышқызы  құттықтады.   Ол семинар тақырыбының өзектілігін атап өтіп, барлық қатысушыларға шығармашылық жұмыс тіледі.

Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің әдіскері,  педагогика ғылымдарының кандидаты  Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы өз сөзінде заманауи білім берудің инновациялық аспектілеріне, білім беру үрдісін  ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге, инновациялық ойлаудың,  инновациялық  қызметтің даму ерекшеліктеріне назар аударды.

Семинарда келесі колледждердің оқытушылары өз жұмыс тәжірибелерімен бөлісті:

«Есіл қаласы,  агротехникалық колледжі» МКҚК

Полтавец Елена Леонидовна, тақырыбы: «Сабақтан тыс жұмыстар оқу-тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде» ;

Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық  колледжі

Ефремова Надежда Александровна, «Фортепианода ойнауды оқытудың бастапқы кезеңінде музыкалық ақпаратты практикалық игерудің инновациялық технологиялары»;

Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық  колледжі

Никитенко Юлия Александровна, тақырыбы: «Сынып шеберлігі  «Заманауи музыкалық білім беру жүйесіндегі интеграцияланған сабақтар» ;

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі

Касымбаева Гаухар Абаевна, тақырыбы: «Көркемдік-эстетикалық даму» білім беру саласын іске асыру шеңберінде бірегей инновациялық білім беру технологияларын игеру»;

Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіДулатова Жансулу Мейрамбековна, тақырыбы: «Оқытудың ойын нысандарының теориялық аспектілері»;Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі

Мыцык Мария Андреевна, тақырыбы: «Интерьер дизайны» мамандығының мысалында шығармашылық пәндерді  оқыту сапасын арттыру үшін Action Research практикалық зерттеуін қолдану».

Семинар барысында ынтымақтастық, шығармашылық атмосфера орнады.

Барлық оқытушылардың баяндамалары мазмұнды, практикалық бағытта болды.

Семинар соңында шығармашылық  пәндерін оқыту әдістері мен нысандары бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс

Құрылған күні: 2023.11.02 12:41:39

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім  басқармасының жанындағы  «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  бос лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

 Хореографиялық пәндер оқытушысы

  1. Дизайн пәндер оқытушысы
  2. Актер шеберлігі оқытушысы
  3. Сахна тілі оқытушысы
  4. Демалыстану пәндер оқытушысы
  5. Өндірістік оқыту шебері

 Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;       басқарудың инновациялық әдістерін;      педагогикалық этиканың негізгі нормаларын;       еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуі керек.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім  және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген өндірістік оқыту шеберіне қойылатын біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім жұмыс өтіліне талап қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебердің мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл; және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл; педагог- сарапшы үшін кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, (020000, телефон 8 (7162) 32-91-86, факс 8 (7162) 32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

Жеке басын куәландыратын құжат;

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

Денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

ҰБТ сертификаты;

Бос лауазымға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Решение по итогам конкурса на занятие вакантных должностей

Құрылған күні: 2023.08.31 11:58:56

Решение по итогам конкурса на занятие вакантных должностей на основании набранных баллов – принять на работу преподавателем физической культуры Аугалиева Еркебулана Бахытжановича с 01 сентября 2023 года.

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс

Құрылған күні: 2023.08.14 11:44:05

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім  басқармасының жанындағы  «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  бос лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

 Музыкалық пәндер оқытушысы (фортепиано сыныбы), оқыту мемлекеттік тілде

  1. Хореографиялық пәндер оқытушысы,   оқыту мемлекеттік тілде
  2. Демалыстану пәндері оқытушысы  (МДҚ ұйымдастыру),  оқыту мемлекеттік тілде
  3. Информатика оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  4. АӘД оқытушысы
  5. Сахна тілі оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  6. Математика оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  7. Химия оқытушысы, оқыту мемлекеттік тілде
  8. Орыс тілі мен әдебиеті оқытушысы
  9. Режиссура және актер шеберлігі оқытушысы
  10. Сахна қозғалысы және пластики оқытушысы
  11. Ағылшын тілі оқытушысы
  12. Экономика оқытушысы
  13. Дизайн пәндері оқытушысы
  14. Концертмейстер (фортепиано)

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;       басқарудың инновациялық әдістерін;      педагогикалық этиканың негізгі нормаларын;       еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуі керек.

 Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім  және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Конкурсқа қатысу үшін конкурс туралы бұқаралық ақпарат құралдарында осы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 күн ішінде Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140, (020000, телефон 8 (7162) 32-91-86, факс 8 (7162) 32-91-86, e-mail: kkas@aqmoedu.kz) келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

Басшының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

Жеке басын куәландыратын құжат;

Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;

Білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

Денсаулық жағдайы туралы анықтама;

Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

ҰБТ сертификаты;

Бос лауазымға үміткердің толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Құрметті ұстаз!

Құрылған күні: 2023.10.05 09:15:11

Сізді Оқу-ағарту министрлігі мен өз атымнан кәсіби мерекеміз ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беріп, ізетті өнеге дарытып, мемлекеттіміздің лайықты азаматын қалыптастыру міндетіне әркез адалдық танытып, білім саласының дамуына қосқан өлшеусіз еңбегіңіз үшін зор алғысымды білдіремін.

Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, шығармашылық табыс пен береке-бірлік тілеймін!

Мерейіңіз үстем болсын!

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев

Өнерпаз жастарымыз әрқашан биіктен көріне берсін!

Құрылған күні: 2023.09.18 16:38:04

Астана қаласында өткен Қазақстан Республикасының “SILK WAY GREATIVE GAMES” XIV Ұлттық жастар Дельфий ойындарына Лев Толстойдың “Адамға қанша жер қажет” повесінің желісі бойынша қойылған спектакльмен қатысқан Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің “Педагог, мәдени демалыс ұйымдастырушы, көркемөнерпаз театр ұжымының режиссері” біліктілігінің 3 және 4 курс білім алушылары “Театр өнері” номинациясы бойынша жүлделі І-ші орынға ие болды. Режиссері колледждің 2023 түлегі Комис Олжас. Жүлделі орын құтты болсын! Өнерпаз жастарымыз әрқашан биіктен көріне берсін!

“Дүниежүзілік тазалық күні”

Құрылған күні: 2023.09.16 16:32:44

Бүгін “Дүниежүзілік тазалық күні” жыл сайынғы экологиялық акциясы аясында Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері “Kieli Tabigat” атты іс-шараға қатысты. Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығының ізгі бастамаларын қолдай отырып, 1 және 2 курс студенттері қала тұрғындарымен бірге Қопа көлінің жағалауын тұрмыстық қоқыстардан тазартты.
Мұндай іс-шаралар жастардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етеді, табиғатқа ұқыпты қарауға үйретеді.

Бос лауазымдарға орналасуға конкурс

Құрылған күні: 2023.08.10 10:11:32

Көкшетау қаласы, Жамбыл Жабаев көшесі, 140 мекен-жайында орналасқан Ақмола облысы білім  басқармасының жанындағы  «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі» МКҚК  бос лауазымдарға орналасуға  конкурс жариялайды:

  1. Хореографиялық пәндер оқытушысы,   оқыту мемлекеттік тілде
  2. Дене тәрбиесі оқытушысы
  3. Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
  4. Дизайн пәндер оқытушысы (бейнелеу өнері және сызу)

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;      педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;       басқарудың инновациялық әдістерін;      педагогикалық этиканың негізгі нормаларын;       еңбек туралы заңнаманы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін білуі керек.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптары: жұмыс өтіліне талаптар қойылмай жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім  және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарға қойылатын біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;немесе 3 жылдан астам жұмыс өтілі бар білім беру ұйымының “үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” біліктілік санатының болуы.

Бөлісу